№ 128 ХАТТАМА
Ақмола облысы бойынша жолаушылар мен олардың багаждарын тұрақты қалааралық облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) автомобильмен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі конкурс комиссиясының отырысы
Көкшетау қ. 16 шілде 2026 жыл
|
Қатысқандар: |
|
|
Конкурс комиссиясы төрағасының орынбасары:
Кулаков Владимир Захарович |
- «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы; |
|
Конкурс комиссиясының мүшелері: |
|
|
Рублевский Александр Владимирович
Бимағамбетов Әлібек Тілеужанұлы
|
- «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы;
- «Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің көліктегі бақылау бөлімінің басшысы
|
|
Ержанов Руслан Төлеуұлы
|
- Ақмола облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы жол-техникалық инспекция бөлімінің бастығы;
|
|
Сахаева Гүлден Қадыржанқызы |
- Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы; |
|
Конкурс комиссиясының хатшысы:
Қылышбек Наурызбай Ардақұлы
Қатыспағандар:
Рамазанов Ельдос Муратович
Калишев Рүстем Серікұлы |
- «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы;
- Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары;
- «Жолаушылар тасымалы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы, Көкшетау қ.; |
КҮН ТӘРТІБІ:
Комиссия төрағасының орынбасары Кулаков В.З. отырысты ашып, кворум бар екенін хабарлады және келесі КҮН ТӘРТІБІН бекітуді ұсынды:
Баяндамашы – Қылышбек Н.А..
Баяндамашы – Муслиева А.С.
Баяндамашы: Кулаков В. З.
Дауыс берді: қолдады 5
қарсы 0
қалыс қалды 0
Шешім бірауыздан қабылданды.
Бірінші сұрақ бойынша:
Тыңдалды:
Конкурстық комиссияның хатшысы Қылышбек Наурызбай Ардақұлының ақпараты:
Қолданыстағы автобус маршруттарында жолаушыларға қызмет көрсету шарттарының қолданылу мерзімінің аяқталуына, шарттардың мерзімінен бұрын бұзылуына, сондай-ақ 2013–2025 жылдары конкурсқа шығарылып, конкурстары өткізілмеген маршруттар тізбесіне және Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Көлік комитеті ұсынған қозғалыс кестелері мен қозғалыс сызбаларына сәйкес 107 пакет қалыптастырылып, бекітілді.
2026 жылғы 11 маусымда республикалық «Новая газета» газетінің №23 (1004) санында, сондай-ақ облыстық «Көкшетау бүгін» газетінің №23 (613) санында мемлекеттік және орыс тілдерінде Ақмола облысының тұрақты облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған кезекті конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізу туралы хабарландыру жарияланды.
2026 жылғы 16 маусымда конкурс алдындағы конференция өткізілді.
Конкурсқа қатысушылар үшін ақпараттық стенд ұйымдастырылып, онда Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының мәтіні, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар), бағалау шкаласы, тасымалдаушылармен жасалатын шарттың жобасы, конкурстық ұсыныстарды толтыру үлгілері, қызмет көрсету құқығына арналған куәліктердің үлгілері, конкурсқа шығарылатын маршруттардың (лоттардың) тізбесі орналастырылды.
Осы конкурсқа қатысу үшін 6 жеке тұлға конкурстық құжаттама жиынтығын алды.
Белгіленген мерзімге, яғни 2026 жылғы 2 шілдеге дейін, 6 қатысушыдан барлығы 9 конкурстық ұсыныс келіп түсті, оның ішінде 5 пакет бойынша бір-бірден ұсыныс, 2 пакет бойынша екі-екіден ұсыныс ұсынылды, ал 100 пакет бойынша бірде-бір конкурстық ұсыныс түскен жоқ.
Қағидалардың 179-тармағына сәйкес, егер жолаушылар мен багажды тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына конкурсқа тек бір ғана қатысушының өтінімі ұсынылса, конкурс өткізілмеген болып танылады. Егер осы маршрут бойынша қайта өткізілген конкурсқа да бір ғана қатысушының өтінімі ұсынылса және ол конкурс талаптарына сәйкес келген жағдайда, онымен шарт жасалады.
Егер қандай да бір лот бойынша бірде-бір қатысушы тіркелмесе, конкурс өткізілмеген болып танылады және конкурс ұйымдастырушысы осы лот бойынша негізгі талаптарды өзгертеді немесе жаңа лот қалыптастырып, оны келесі конкурсқа шығарады.
Сондай-ақ Қағидалардың 171-тармағына сәйкес, комиссия хатшысы конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде берілген өтінімдерді қабылдайды және қатысушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама (анықтама) береді. Осыдан кейін конкурстық ұсыныстарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Конкурс өткізу туралы хабарландыруда белгіленген мерзімдерді бұза отырып берілген өтінімдер мен оларға қоса берілген құжаттар комиссия хатшысы тарапынан қабылданбайды және комиссияның қарауына жіберілмейді.
Сөйлегендер:
Кулаков В.З., Рублевский А.В., Бимағамбетов А.Т., Ержанов Р.Т., Сахаева Г.Қ.
Комиссия пікір алмасып,
Шешті:
Дауыс берді: қолдады 5
қарсы 0
қалыс қалды 0
Шешім бірауыздан қабылданды.
Екінші сұрақ бойынша:
Конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарында ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тексеру жөніндегі конкурстың алдындағы комиссия құрамында Ақмола облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы Рамазанов Е.Т., Ақмола облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының мемлекеттік автомобиль инспекторы Жақанов Д.К. және Ақмола облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Муслиева А.С. болып, конкурстың алдындағы комиссияның шығу кестесіне сәйкес 2026 жылғы 14 шілдеде конкурсқа қатысуға өтінім берген 6 үміткер кәсіпорынға тексеру жүргізді.
Тексеру барысында конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарында көрсетілген автокөлік құралдарының Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 13-тарауы талаптарына сәйкестігі қаралды. Мәлімделген 13 автокөлік құралының 12-і тексерілді, олардың барлығы (12 бірлік) тексеру жүргізілген сәтте белгіленген талаптарға сәйкес келді. Ал 1 автокөлік құралы тексеруге ұсынылмады (Көкшетау – Ұлан – Мәдениет бағыты бойынша «Нұргүл» ЖК).
Автокөлік құралдарының Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 13-тарауы талаптарына сәйкестігі туралы толық мәліметтер және өндірістік-техникалық базада жылжымалы құрамды сақтау, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу мүмкіндіктеріне берілген бағалау үміткерлердің конкурстық құжаттама пакеттеріндегі анықтамаларда көрсетілген.
Сөйлегендер:
Кулаков В.З., Рублевский А.В., Бимағамбетов А.Т., Ержанов Р.Т., Сахаева Г.Қ.
Комиссия пікір алмасып,
Шешті:
Конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарында көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы орнына бара отырып, конкурс алдындағы комиссияның тексеру қорытындылары туралы конкурс алдындағы комиссияның ақпараты назарға алынсын;
Дауыс берді: қолдады 5
қарсы 0
қалыс қалды 0
Шешім бірауыздан қабылданды.
Үшінші сұрақ бойынша:
Конкурстық ұсыныстарды қарауға кірісті.
Төртінші сұрақ бойынша:
Тыңдалды:
Конкурстық комиссия төрағасының орынбасары Кулаков В.З. сөз сөйлеп, конкурстық ұсыныстарды қарау және бағалау қорытындыларын №2 қосымшаға сәйкес жариялады және №3 қосымшаға сәйкес пакеттер мен тасымалдаушылар бөлінісінде конкурс жеңімпаздарының тізімін бекітуді ұсынды.
Сондай-ақ Ақмола облысының «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне конкурс жеңімпаздарымен шарттар жасасуды, Ақмола облысының тұрақты облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәліктер беруді, сондай-ақ тасымалдаушылар қабылдаған міндеттемелердің орындалуына кейіннен бақылау жүргізуді тапсыруды ұсынды.
Шешті:
Кулаков В.З., Рублевский А.В., Бимагамбетов А.Т., Ержанов Р.Т., Сахаева Г.К. сөз сөйлеп, баяндама жасаушының ұсынысын қолдады және осы мәселе бойынша №2 және №3 қосымшаларды бекітуге дайын екендіктерін білдірді. Комиссия пікір алмасып,
ШЕШТІ:
Дауыс берді: қолдады 5
қарсы 0
қалыс қалды 0
Шешім бірауыздан қабылданды.
Соңында Конкурстық комиссия төрағасының орынбасары В. З. Кулаков күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданғанын айтып, отырысты жабық деп жариялады.
|
Конкурс комиссиясының мүшелері: |
|
|
Рублевский Александр Владимирович
Бимағамбетов Әлібек Тілеужанұлы
|
«Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы;
«Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің көліктегі бақылау бөлімінің басшысы;
|
|
Ержанов Руслан Төлеуұлы
Сахаева Гүлден Қадыржанқызы |
Ақмола облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы жол-техникалық инспекция бөлімінің бастығы;
Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы |
|
Конкурс комиссиясының хатшысы:
Қылышбек Наурызбай Ардақұлы
|
«Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы. |