Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жолаушылар көлігі

Ақмола облысының аумағында жолаушыларды автомобиль көлiгiмен тасымалдау 101 тұрақты маршрутта жүзеге асырылады, оның iшiнде 51 — қалаiшiлiк, 3 - ауылдық, 7 — қала маңы, 10 – облысiшiлiк қалааралық, 22 – ауданiшiлiк, 7 — облысаралық және 1 — халықаралық маршруттар.

Қалалық автобус маршруттарының қоғамдық көлiгiнде жүру құны 60-тан 130 теңгеге дейiн соманы құрайды, (60 теңге – Степногорск қ., 80 теңге - Ақкөл қ., Дкржавинск қ., 80-150 теңге - Көкшетау қ,  90 теңге Ерейментау қ., 100 теңге Макинск қ., Зеренді а., 110 теңге - Атбасар қ., Щучинск қ., 120 теңге - Есіл, 130 теңге - Балқашино а.) тұрақты облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысаралық) автобус маршруттарында 1 жолаушы/км 9,4-тен 16 теңгенi құрайды.

Ақмола облыстық мәслихатының (2019 жылғы 10 сәуірдегі №6С-31-7) шешімімен субсидиялауға жататын 88 бағыт анықталды. Бұл шара облыстың елді мекендерінің тұрғындарын қоғамдық көлікте әлеуметтік тарифті сақтау түрінде, ал тасымалдаушыларды шығындарды ішінара субсидиялау түрінде қолдауға бағытталған.

2 автовокзал (Көкшетау қ., Щучинск қ.), 4 жолаушыларға қызмет көрсету пунктi (Ақкөл қ.,  Степногорск қ., Степняк қ., Есiл қ.) жұмыс iстейдi.

Тасымалдаушылардың тұрақты автобус маршруттарына тартылған жылжымалы құрамды жаңартуды ынталандыру мақсатында, шарт талаптарында тасымалдаушы автобустар мен шағын автобустарды уақтылы жаңартқан жағдайда шартты 10 жылға ұзарту көзделген.

Қазіргі уақытта Ақмола облысының тұрақты маршруттарына тартылған жылжымалы құрам 264 бірлік (автобустар мен шағын автобустар) құрайды, оның ішінде пайдалану мерзімі 7 жылдан асатын - 102 бірлік немесе 38,6 %.

Қоғамдық көлік үшін жылжымалы құрамды одан әрі жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Автобустарды лизингтік қаржыландыру бағдарламасы аясында Степногорск қаласы үшін тағы 14 бірлік автобус сатып алу жоспарлануда. Степногорск қаласының тасымалдаушыларымен, "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қызметкерлерімен және автоөндірушілермен келіссөздер жүргізілді. Мәселе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-да құжаттарға сараптама жүргізу сатысында тұр. Оң нәтижелер болған жағдайда, автобустарды жаңарту жөніндегі жобалар 2023 жылдың 2 жартыжылдығында іске асырылатын болады.

Пандемия кезінде жолаушылар көлігі саласы айтарлықтай зардап шекті және оны қалпына келтіру үшін бір жылдан астам уақыт, сондай-ақ мемлекеттен қаржылық қолдау қажет болады. Қазіргі уақытта 130 тұрақты қалааралық маршруттардың 20-сы жаңартылды.

Тұрақты автобус қатынасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 2021 жылы "Көкшетау – Атбасар – Жақсы – Есіл – Державинск" және "Көкшетау – Атбасар – Есіл", 2022 жылы "Степняк – Астана", "Астана – Державинск"бағыттары бойынша автобустардың қозғалысы қайта жанданды.

2022 жылы 100-ден астам автобус қатынасына қызмет көрсету құқығына 3 конкурс өткізілді, алайда осы тұрақты маршруттарға қызмет көрсетуге ниет білдірген үміткерлерден өтініштер түскен жоқ. Ағымдағы жылы 3 конкурс өткізу жоспарланған.

Автобус маршруттарын тезірек жаңарту мақсатында, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы конкурстық негізде тасымалдаушыны анықтағанға дейін конкурстық рәсімдерсіз уақытша шарт жасасуға дайын. Сонымен қатар, тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау мәселелері шешілуде.

2023 жылдың 1 тоқсанында облыс көлігімен 6 961,7 мың адам тасымалданды (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 115,2%).

Жолаушылар айналымы 299,8 млн. жкм құрады. (Өткен жылдың сәйкес кезеңіне 93%).

Басқармамен 4 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi («Өздiгiнен жүретiн шағын көлемдi кемелердi жүргiзу құқығына куәлiктер беру», «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйесiз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйелi тасымалдау қызметiмен айналысу құқығына ие болу үшiн лицензия беру», «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру», «Ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк), ауданiшiлiк, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау».

2023 жылдың 1 тоқсанында басқармамен 0 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

 

Документы
Бюджет
30 июля 2026
Экономика, жоспарлау бюджетті орындау және әкімшілік-құқықтық, жұмыс бөлімі
2026 - 2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама паспорты
Жоспар
30 июля 2026
«Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Анықтама
17 июля 2026
«Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2025 жылғы 1 мамыр мен 2026 жылғы 30 сәуір аралығындағы кезеңде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Новости
Полезные материалы
Мемлекеттік қызметтер бойынша 2025 жылғы есеп
Мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылғы есеп
Жол жөндеу және жол бойындағы қызмет көрсету инфрақұрылымын жаңғырту: 2025 жылы Ақмола облысындағы автокөлік жүргізушілерін не күтіп тұр
Медиагалерея
1
«е-Өтініш» АЖ өтінішті жолдау тәртібі туралы нұсқаулық
1
Көкшетау қаласында қоғамдық көлігінде жол ақысын ақшасыз төлеудің баламалы тәсілдері енгізілуде
События
18 апреля
«Теміржол вокзалдарын жөндеу»
Реализуемые проекты
«Көкшетау автобус паркі» ЖШС автопаркін жаңарту
Перейти
«Фирма СейНур» ЖШС автопаркін жаңарту
Перейти
Услуги
Организации
Жолаушылар көлігі бөлімі
Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Часто задаваемые вопросы
Қоғамдық көлікте билет сатып алу кезінде балалар үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған?

 «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» ҚР 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156 Заңының 13-б. сәйкес Жолаушы құқылы:

- әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде, өзiмен бiрге 7 жасқа дейiнгi, ал халықаралық тасымалда 5 жасқа дейiнгi бiр баланы темiр жол, теңiз және iшкi су жолы көлiктерiнде, қалааралық автобустарда, сондай-ақ таксиден басқа, қалалық және қала маңындағы көлiкте балаға жеке орын берiлмей тегiн алып жүруге;;

 - әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде, билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, халықаралық тасымалда 5 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға;  - Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымалдау кезiнде, әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға;

- өзімен бірге 2 жасқа дейінгі бір баланы әуе көлігінде, оған жеке орын бермей тегін алып жүруге;

- Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын халықаралық тасымалдауларда әуе көлігінде қалыпты тарифтің 50 пайызын төлей отырып, 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға билеттер, сатып алуға;

 - Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын халықаралық тасымалдауларда әуе көлігінде қалыпты тарифтің 50 пайызын төлей отырып, 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға билеттер, сатып алуға.

Сонымен қатар, «Автомобиль көлігі туралы» ҚР 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 20-б сәйкес, 2023 жылдың 1 наурыздан бастап әлеуметтік маңызы бар қатынастарда (жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша айқындалады, Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 6С-31-7 «Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешімі), сондай-ақ  жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық), қала маңындағы қатынастарда 15 жастан 18 жасқа дейінгі адамдардың жол жүру құжатының (билетінің) толық құнының елу пайызын төлей отырып, жол жүру құжатын (билетін) сатып алуға құқығы бар.

Қалааралық автобус қатынасын қалай ашуға болады?

 «Автомобиль көлігі туралы» ҚР 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 21-бабы 2- тармағына сәйкес, Халықаралық тасымалдауларды қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауларды көрсетілген жолаушылар мен багажды тасымалдаулар маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурста жеңiп алған және тасымалдаушылар мен тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар арасында жасалатын шарттар негiзiнде оларға қызмет көрсету құқығына куәлік алған тасымалдаушылар жүзеге асырады.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарын ашу және жабу тәртібі, көрсетілген тасымалдау түрлерін орындау үшін пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың санитарлық жағдайына, сыртқы ресімделуіне және жабдықталуына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларымен регламенттелген.

Ресми такси тасымалдаушы қалай болуға болады?
  1. Мемлекеттік кірістер департаментінде жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде ТІРКЕЛУ.
  2. www.elicense.kz порталы (ЭЦҚ қажет) және тіркеу орны бойынша тиісті ауданның, қаланың ТКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама ЖІБЕРУ
  3. Автокөлікті ҚР СТ 2272-2012 Ұлттық стандартына сәйкес жолаушылар таксиімен тасымалдау бойынша автокөлік қызметтері және 2015 жылғы 26 наурыздағы 349 Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына сәйкес ЖАБДЫҚТАУ.

Не болу қажет

  1. такси салонында жолаушылардың көз алдында жүргізушінің визит карточкасы фотосуреті, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ тасымалдаушының ресми атауы, оның мекенжайы мен телефон нөмірі көрсетілген ақпараттық таблосы орнатылады:

2.Такси сыртқы жағынан бірыңғай түсті гаммада, жеңіл автомобильдің бүйірлерінің бүкіл ұзындығы бойынша бір деңгейде жағу жолымен ресімделеді, оның шанағының түсін такси тасымалдаушысының өзі, биіктігі кемінде 10 және 14 сантиметрден аспайтын, шахмат тәртібінде орналасқан қара және (немесе) сары квадраттардан тұратын белбеу айқындайды.

  1. Такси төбесінде орналасқан және 500-м дейінгі қашықтықтан жақсы ажыратылатын тану белгісімен жабдықталады. тану белгісінде «Т» (такси) және/немесе тиісті дойбы белдігі бар және тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандырылады.

 Сондай-ақ, медициналық тексерулерді жүзеге асыруға шарт жасалған жоғары немесе орта медициналық білімі туралы дипломы бар адамның автокөлік құралдарын рейс алдындағы техникалық байқаудан, сондай-ақ такси жүргізушілерін рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық байқаудан өтуін қамтамасыз ету қажет;

Такси тасымалдауды жүзеге асыру үшін кемінде төрт бүйір есігі бар сериялық өндірістегі жеңіл автомобильдерді пайдалануға жол беріледі.

Арнайы жүргізілетін, оның ішінде толық қолмен, сондай-ақ оң қолмен жүргізілетін автокөлік құралдарын таксимен тасымалдау үшін пайдалануға тыйым салынады.

 

Социальные медиа

ГУ «Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Акмолинской области»

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы