
Ақмола облысының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы - 7890,5 км, оның ішінде республикалық маңызы бар – 2260,5 км, облыстық маңызы бар – 2 661 км, аудандық маңызы бар – 2 965 км құрайды (Ақмола облысының жолдары бойынша көпірлердің жалпы саны – 191 көпір, су өткізу құрылыстары – 3233 құбыр. (Республикалық маңызы бар көпірлер 117, құбырлар 1194. Облыстық маңызы бар көпірлер 49, құбырлар 1144. Аудандық маңызы бар көпірлер 25, құбырлар 895)
Ағымдағы жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 42,3 млрд.теңге көзделген РБ – 22,3 млрд. теңге, ОБ – 20 млрд. теңге.
Осы қаражат шеңберінде жергілікті маңызы бар шамамен 700 км жолды және көше-жол желісін жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ, күрделі және орташа жөндеу шеңберінде 50-ден астам су өткізу құбырларын жөндеу, 700-ге жуық жол белгілері мен 350 сигналдық бағаналар орнату жоспарланған.
2023 жылға арналған облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары үлесінің жоспарлық көрсеткіші 92% - ды құрайды.