2021 жылы мемлекеттiк қызметтерді көрсету мәселелерi жөнiндегi «Ақкөл орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметi туралы есебi
1) Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер — «Ақкөл орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — КММ).
2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат:
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң саны — 1 мемлекеттiк қызмет:
ҚММ «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметінің 1 түрін көрсетеді.
Тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:
1 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет —тегін.
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:
1 мемлекеттік қызметтер - электрондық немесе қағаз түрінде.
бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары саны:
1 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызме стандарты.
3) Барынша талап ететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат.
2021 жыл кезеңінде ҚММ 29 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 26 электронды түрде, 2 қағаз түрінде, 1 – «Е-лицензиялау» МДҚ арқылы.
1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы түсiнiк беретiн стандарттар мен ақпараттар мемлекеттiк органның интернет-ресурсында — https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr, www.elicense.kz порталында, сондай-ақ, КММ қабырға тақтасында орналастырылған.
Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығымен 1414 телефоны бойынша да берiлуi мүмкiн.
2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2021 жыл бойы газеттерде және басқа да баспа басылымдарында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мақалалар ҚММ жариялаған жоқ.
1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi.
«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ішінара автоматтандырылған.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарына сәйкес, жыл сайын көрсетiлетiн қызметтi алушылармен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ұсынылатын қағаз тасығыштағы құжаттар саны азаюда, электронды түрге ауыстырылуда, мемлекеттiк қызметi көрсету мерзiмi де кемiдi.
2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола филиалында оқудан өткен жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру - мемлекеттік қызметтер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес көрсетіледі.
1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселесi жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша) — шағымдары жоқ.
2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау нәтижелерi — бұзушылықтары жоқ.
4) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелерi — жүргiзiлген жоқ.
Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасына көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың қанағаттануы мақсатында, КММ көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер жайлы ақпарат қабырға тақтасында, уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылды, көрсетiлетiн мемлкеттiк қызметтi алушылар үшiн қажеттi құжаттарды дайындау және күту уақытына жағдайлар жасалған (күту уақытына арналған жұмсақ орындықтар, құжаттар толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар қабырға тақталарымен жарақтандырылған), сондай-ақ, мемлекеттiк қызметтi КММ жүгiнбей-ақ «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы www.e-gov.kz алуға болады (қолданылуы жөнiндегi нұсқаулық сайтта орналастырылған).