2021 жылы мемлекеттiк қызметтерді көрсету мәселелерi жөнiндегi «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметi туралы есебi
1) Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер — «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма).
2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат:
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң саны — 4 мемлекеттiк қызметтер:
- II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру;
- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қоры-тындысын беру;
-ағаш кесу және орман билеттерiн беру;
-жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру.
Тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:
3 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер — тегiн;
1 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет — ақылы/тегін.
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:
3 мемлекеттiк қызметтер — электронды түрде;
1 мемлекеттік қызметтер - электрондық немесе қағаз түрінде.
бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары саны:
4 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары.
3) Барынша талап ететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат.
2021 жылы бойы Басқармамен 3189 мемлекеттiк қызметтер көрсетiлдi, оның iшiнде:
II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру — 446;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қоры-тындысын беру — 117;
Ағаш және орман билеттерiн беру — 200;
Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру — 2426.
4) 2021 жылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санынан 98,5% - ға дейін өсті, 2020 жылы бұл көрсеткіш 95% - ды құрады.
Электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санының өсуі қағаз құжат айналымының қысқаруына оң әсер етеді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысу ықтималдығын азайтады.
1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы түсiнiк беретiн стандарттар мен ақпараттар мемлекеттiк органның интернет-ресурсында — https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr, www.elicense.kz порталында, сондай-ақ, «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер» қабырға тақтасында орналастырылған.
Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығымен 1414 телефоны бойынша да берiлуi мүмкiн.
2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2021 жыл бойына мемлекеттiк орган (ведомствоға қарасты ұйым) мамандарының газет және басқа да баспа беттерiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерiне қатысты 4 мақаласы жарияланды.
1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi.
Көрсетiлетiн 4 мемлекеттiк қызметтiң 3 толықтай автоматтандырылған, 1 жартылай автоматтандырылған.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарына сәйкес, жыл сайын көрсетiлетiн қызметтi алушылармен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ұсынылатын қағаз тасығыштағы құжаттар саны азаюда, электронды түрге ауыстырылуда, мемлекеттiк қызметi көрсету мерзiмi де кемiдi.
2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола филиалында басқарманың 1 маманы оқудан өтті.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру - мемлекеттік қызметтер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес көрсетіледі.
1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселесi жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша) — шағымдары жоқ.
2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау нәтижелерi — бұзушылықтары жоқ.
4) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелерi — жүргiзiлген жоқ.
Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасына көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың қанағаттануы мақсатында, Басқармамен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер жайлы ақпарат қабырға тақтасында, уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылды, көрсетiлетiн мемлкеттiк қызметтi алушылар үшiн қажеттi құжаттарды дайындау және күту уақытына жағдайлар жасалған (күту уақытына арналған жұмсақ орындықтар, құжаттар толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар қабырға тақталарымен жарақтандырылған), сондай-ақ, мемлекеттiк қызметтi Басқармаға жүгiнбей-ақ «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы www.e-gov.kz алуға болады (қолданылуы жөнiндегi нұсқаулық сайтта орналастырылған), «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталған.
Басқарма басшысы Р. Әубәкіров