Меню

Страницы

Статья

2022 жылы мемлекеттiк қызметтерді көрсету мәселелерi жөнiндегi «Ерейментау орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметi туралы есебi

2022 жылы мемлекеттiк қызметтерді көрсету мәселелерi жөнiндегi «Ерейментау орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметi туралы есебi

 

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер — «Ерейментау орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — КММ).

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң саны — 1 мемлекеттiк қызмет:

ҚММ «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметінің 1 түрін көрсетеді.

Тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:

1 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет —тегін.

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны:

1 мемлекеттік қызметтер - электрондық немесе қағаз түрінде.

бекiтiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары саны:

1 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызме стандарты.

3) Барынша талап ететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат.

2022 жыл кезеңінде ҚММ Мемлекеттік қызмет көрсеткен жоқ.

  1. Көрсетiлетiн қызметтi алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы түсiнiк беретiн стандарттар мен ақпараттар мемлекеттiк органның интернет-ресурсында — https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr, www.elicense.kz порталында, сондай-ақ, «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер» қабырға тақтасында орналастырылған.

Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығымен 1414 телефоны бойынша да берiлуi мүмкiн.

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2022 жыл бойы газеттерде және басқа да баспа басылымдарында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мақалалар ҚММ жариялаған жоқ.

  1. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету процесстерiн жетiлдiру жұмыстары

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi.

«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ішінара автоматтандырылған.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарына сәйкес, жыл сайын көрсетiлетiн қызметтi алушылармен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ұсынылатын қағаз тасығыштағы құжаттар саны азаюда, электронды түрге ауыстырылуда, мемлекеттiк қызметi көрсету мерзiмi де кемiдi.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.

2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола филиалында оқудан өткен жоқ.

 3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру - мемлекеттік қызметтер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес көрсетіледі.

  1. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселесi жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша) — шағымдары жоқ.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi бақылау нәтижелерi — бұзушылықтары жоқ.

4) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелерi — жүргiзiлген жоқ.

  1. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң одан әрi тиiмдiлiгiнiң перспективалары және сапасына көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасына көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың қанағаттануы мақсатында, КММ көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер жайлы ақпарат қабырға тақтасында, уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылды, көрсетiлетiн мемлкеттiк қызметтi алушылар үшiн қажеттi құжаттарды дайындау және күту уақытына жағдайлар жасалған (күту уақытына арналған жұмсақ орындықтар, құжаттар толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар қабырға тақталарымен жарақтандырылған), сондай-ақ, мемлекеттiк қызметтi Басқармаға жүгiнбей-ақ «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы www.e-gov.kz алуға болады (қолданылуы жөнiндегi нұсқаулық сайтта орналастырылған.

 

 

«Ерейментау ОШМ»

КММ директоры                                                                             Ю. Адайкин

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
28 мая 2025
Ақмола облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
24 апреля 2025
Ақмола облысындағы балық шаруашылығының ағымдағы жай-күйі туралы
23 апреля 2025
Ақмола облысының орман қоры

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы