«Бурабай Даму» ЖШС қоғамдық тыңдаулар болады

Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексiнiң 57-2 бабы 1 тармағының 6) тармақшасына сәйкес 2018 жылдың қараша айының 2-сi күнi сағат 15.00–де Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай ауылы, Кенесары көшесi, 38 мекенжайында «Үлкен Шабақты және Текекөл көлдерiнiң курорттық аймағын көгалдандыру, 233 га» (бiрiншi кезең жобалау аумағында 65,3516 га) жұмыс жобасына жасалған «Қоршаған ортаға әсердi бағалау» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар болады.

Жоба материалдарына тапсырыс берушi — «Бурабай Даму» ЖШС, бас жобалаушы — «Direct Studio» ЖШС.

Байланыс телефоны: +7 (7163) 67-17-80.

Жергiлiктi атқарушы ұйым: «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ. Жауапты тұлға: Жетписова А.А.

Жоғарыда аталған жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстарды: k.miermanov@gmail.com электрондық мекен-жайына жiберуге болады.

Дата публикации
03 октября 2018