«Бурабай ауданының құрылыс бөлiмi» ММ «Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ., «Заречный» шағын ауданындағы жекеменшiк тұрғын үйдi электрмен жабдықтау жүйелерiнiң құрылысы (құрылыстың бiрiншi кезегi)» жұмыс жобасының «Қоршаған ортаға әсерiн бағалау (2 дәрежесi)» жобасы бойынша ашық жиналыс түрiнде қоғамдық тыңдаулар өткiзедi.
ЖАО өкiлi — Жетписова А.А. — «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ. Жоба жасаушы — «Бурабай Проект» ЖШС. ҚОӘБ жасаушы — Гулаков В.В. ЖК, тел.: 8 (716-2) 25-41-35.
Тыңдаулар 2018 жылғы 5 қыркүйек күнi сағат 15.00-де келесi мекен-жайда өтедi: Щучинск қ., Абылай хан к., 34, Щучинск қаласы әкiмдiгiнiң ғимараты. Жоба бойынша өтiнiш-шағымдар мен ұсыныстар too-septima@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.