«Көкшетау» МҰТП РММ Зерендi филиалы алдағы 2019 жылға орман алқабы қорын бөлу бойынша жұмыстарды жүргiздi. «Қоғамдық тыңдауларды өткiзу ережесiне» (ҚР ПМООС 07.05.2007ж. №135-ө бекiтiлген, өзгерiстермен, ҚР ЭМ 08.09.2017жылғы бұйрығына сай) сәйкес,( бұдан кейiн мәтiн бойынша Ереже), «Көкшетау» МҰТП РММ Зерендi филиалы алдағы әрекеттiң тұрғындардың денсаулығына және қоршаған ортаға әсерiне баға беру мақсатында қоғамдық тыңдауларды жүргiзудi жоспарлап отыр.
Сiзден өткiзу күнiн және өткiзу орнын мақұлдауды және «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нен қоғамдық тыңдауға қатысу үшiн өкiл жiберуiңiздi сұраймыз.Қоғамдық тыңдауларды Ақмола облысы, Зерендi ауданы, Красный Кордон ауылы, Орталық көшесi, 59 үй мекенжайында 2018 жылдың 28 тамызында сағат 11.00-де өткiзу жоспарланып отыр.Филиал кеңсесi (мәжiлiс залы).
Қоғамдық тыңдаулардың өткiзiлуi туралы хабарландыру «Зерен» газетiнде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жарияланады.