«Обсидиан-В» ЖШС, «Ақмола облысының Зерендi ауданындағы Жолдыбай-1 кен орнының шөгiндi және метаморфты жыныстарын өндiруге арналған тау-кен жұмыстарының жоспары» «Қоршаған ортаға әсерiн бағалау» (II кезең) жобасын қарастыру бойынша ашық жиналыс түрiнде қоғамдық тыңдаулар өткiзiлетiнiн жариялайды.
ЖАО өкiлi — «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, тел.: 8 (7162) 40-28-07.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы өткiзетiн орган- «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ.
Тапсырыс берушi — «Обсидиан-В» ЖШС
Тыңдаулар 03.08.2018 ж. сағат 11.00 келесi мекенжайы бойынша: Ақмола облысы, Зерендi ауданы, Симферополь а.о., Бұлақ а. ауылдық клубтың ғимаратында өтедi.
Құжаттама әзiрлеушi — «Эко-Кокше» фирмасы, «Окапов Р.А.» ЖК, Көкшетау қаласы, Горький көшесi, 2к, тел.: 87071198886.
Жоба бойынша құжаттар және мүдделi жұртшылықтың пiкiрiн есепке алу жөнiндегi сауалнама парағы — http://upr.akmo.gov.kz/ сайтында орналастырылған.
Ескертулер мен ұсыныстар Көкшетау қаласы, Горький көшесi, 2к мекенжайы бойынша қабылданады. Анықтама тел: 87071198886, e-mail: eko-kokshe@yandex.ru.