«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы «Орталық-Оңтүстiк» дәлiзiнiң «Астана-Қарағанды-Балхаш-Алматы» автомобиль жолының «РФ шекарасы (Екатеринбургке)-Алматы» 1275-1353 шақырымдағы учаскесiн қайта жаңартуына байланысты, Аршалы ауданы аумағындағы орман шаруашылығын жүргiзуiмен байланысты емес мақсатына орман қорының жерлерiн жол қызметiнiң қажеттiлiгi үшiн өнеркәсiп, көлiк және байланыс жерлерiнiң категориясына ауыстыру мәселесi жөнiнде қоғамдық тыңдау өткiзедi.
Хорт Е.В. — «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ бас маманы, қоғамдық тындау ұйымдастыру, ескертулер мен ұсыныстар қабылдау үшiн жауапты, байланыс телефоны 87162-25-21-30.
Сiзге «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ upr.akmo.gov.kz интернет-ресурсында жоба бойынша құжаттамалармен танысуға болады.
Тапсырыс берушi — «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы, байланыс телефоны 87162-77-55-52.
«Орталық-Оңтүстiк» дәлiзiнiң «Астана-Қарағанды-Балхаш-Алматы» автомобиль жолының «РФ шекарасы (Екатеринбургке)-Алматы» 1275-1353 шақырымдағы учаскесiн қайта жаңарту бойынша жобаның әзiрлешiсi — «Инжинерный центр «Астана» ЖШС.
Қоғамдық тыңдау ашық жиналыс түрiнде 2017 жылғы 15 мамыр күнi сағ.15.00-де, Аршалы ауданы, Аршалы п. Аудандық әкiмдiктiң ғимаратында өткiзiледi. Анықтама үшiн тел.: 87162-77-55-52.