"Сапақұрылыс-1" ЖШС Ақмола облысының Целиноград ауданында орналасқан Сапақұрылыс учаскесінде құм-қиыршық тас қоспасын өндіруге арналған Тау-кен жұмыстарының жоспары жобасы бойынша экологиялық бөлімдермен: эмиссиялар нормативтерінің жобасы, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, Қалдықтарды басқару бағдарламасы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

«Сапақұрылыс-1» ЖШС Ақмола облысының Целиноград ауданында орналасқан Сапақұрылыс учаскесінде құм-қиыршық тас қоспасын өндіруге арналған Тау-кен жұмыстарының жоспары жобасы бойынша экологиялық бөлімдермен қоғамдық тыңдаулар өткізеді: Эмиссиялар нормативтерінің жобасы, Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, Қалдықтарды басқару бағдарламасы, Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары.

Аумағына әсер етуі мүмкін және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қараөткел а.о., Қаражар а. (географиялық координаттары 51°04'35" с.е. 71°13'28" ш.б.).

Учаске орталығының географиялық координаттары: 51°02'19.50" с.е., 71°10'49.75" ш. б.

Қоғамдық тыңдаулар 23.12.2025 ж.сағат 12:00-де Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қараөткел а. о., Қаражар ауылы, № 70, 1 есеп кварталы (Қаражар ауылының мектеп-лицей ғимараты) мекенжайы бойынша өтеді.

Ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

Тыңдаулар гибридті форматта өткізіледі, қатысу үшін мына мекен-жайға келу немесе ZOOM Meeting Cloud қосымшасын жүктеу қажет. Конференцияны сәйкестендіру: 413 945 6516. Пароль 777.

Бастамашы – «Сапақұрылыс-1» ЖШС, БСН 040140008739, Астана қ. Ғабдуллин көшесі, 1-үй, 9-пәтер, тел.: 8 (701) 777 32 34, e-mail: din_7@bk.ru.

Жобалық құжаттаманы әзірлеуші «АЛАИТ» ЖШС (лицензия 01.08.2013 ж. №01583Р, «Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» ҚР Қоршаған ортаны қорғау Министрлігімен берілген), БСН: 100540015046, Кокшетау қаласы, Васильковский шағын ауданы, 4Г, тел.: 8 (747) 186-04-28, e-mail: alait2030@gmail.com.

Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттармен «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі» сайтында танысуға болады https://ndbecology.gov.kz және «Ақмола облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr/contacts?lang=ru.

Қоғамдық тыңдаулар өткізу кезінде межеленіп отырған қызмет туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ межеленіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін e-mail: alait2030@gmail.com және тел: 8 (747) 186 04 28.

Жобалық материалдар бойынша өз ескертулерін, ұсыныстарын «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі» сайтында жіберуге болады https://ndbecology.gov.kz «Ақмола облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ Көкшетау қаласы, Абай көшесі 89, тел.: 8 (7162) 40 14 03, электрондық мекенжайы: expeco@mail.ru.

 

Дата публикации
20 ноября 2025