«Көкшетау қаласының құрылыс бөлiмi» ММ 9-шы қарашадан бастап 8 желтоқсанға дейiн қоғамдық тыңдауларын өткiзедi

«Көкшетау қаласының құрылыс бөлiмi» ММ, 9-шы қарашадан бастап 8 желтоқсанға дейiн «Ақмола облысы, Көкшетау қаласының Сарыарқа шағын ауданындағы (аумағы 88,5га участкесiнде) 108 пәтерлi тоғызқабатты тұрғын үйiне сыртқы инженерлiк желiлердiң құрылысы (1,2,3,4 позиция)» «Қоршаған ортаға әсерiн бағалау» (II кезең ҚОӘБ) тақырыбындағы сауалнама түрiнде қоғамдық тыңдауларын өткiзедi.

ЖАО өкiлi — «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, тел.: 8 (7162) 40-28-07.

Мемлекеттiк экологиялық сараптама өткiзу жөнiндегi мекемесi — «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ.

Тапсырыс берушi — «Көкшетау қаласының құрылыс бөлiмi» ММ

Жобаны әзiрлеушi — ЖК «Эко-Кокше» Окапов Р.А., тел. 40-21-44.

Жоба құжаттамасы және мүдделi қоғамның пiкiрi жөнiндегi сауалнама http://upr.akmo.gov.kz/ сайтында орналасқан. Ескертулер мен ұсыныстар eko-kokshe@yandex.ru электрондық адресi бойынша қабылданады.

Дата публикации
08 ноября 2017