Ақмола облысының су объектілерінде жаппай демалу, туризм және спорт үшін орындар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабына, "жалпы су пайдаланудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ақмола облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындар белгіленсін.
- Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № А-11/591 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
-