ХАБАРЛАНДЫРУ
«АКЛЕР ГРУПП» ЖШС хабарлайды, 2025 жылғы 28 тамызда сағат 11:00-де Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Софиевка ауылдық округі, Софиевка ауылы, Қабанбай батыр көшесі, 33, Мәдениет үйі мекенжайында «АКЛЕР ГРУПП» ЖШС-ның ықтимал әсерлері туралы есеп жобасы бойынша ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулар өтеді.
Жобалық құжаттама топтамасымен «Қоршаған орта және табиғи ресурстардың ұлттық деректер базасы» ақпараттық жүйесінде (https://ndbecology.gov.kz/), сондай-ақ Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr?lang=ru) танысуға болады. Жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстарды natur@aqmola.gov.kz электронды поштасына жіберу қажет.
Әсер ету аумағы: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Софиев ауылдық округі, 746. Координаттар: 51°25'27.36"С 71°47'26.97"Ш, 51°25'27.92"С 71°47'27.93"Ш, 51°25'27.60"С 71°47'28.52"Ш, 51°25'26.94"С 71°47'27.52"Ш.
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу шаралары енгізілген жағдайда, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тыңдаулар онлайн режимінде өткізіледі. Белсенді сілтеме «Қоршаған орта және табиғи ресурстар жай-күйінің ұлттық деректер базасы» ақпараттық жүйесінде және ЖАО «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» сайтында сілтеме берілген.
Zoom конференциясына келесі сілтеме арқылы қосылуға болады:
https://us05web.zoom.us/j/86764566698?pwd=UKN1UOC75z0cfUzSdq0xl1hdSl20NO.1
Конференция идентификаторы: 867 6456 6698.
Кіру коды: 17pi6s
Жоспарланған қызметтің бастамашысы: «АКЛЕР ГРУПП» ЖШС, ҚР, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 43 үй, 17 кеңсе. Тел. +7 (747) 773-59-69, e-mail: eco-rbk@mail.ru.
Әзірлеуші: «Республикалық еңбек және экология қорғау орталығы «РҰҚСАТ» ЖШС, Астана қаласы, Отырар көшесі, 3 үй, 85 пәтер, БИН 050 740 013 681. Байланыс: 8(7172)21-22-21, эл. пошта: ruksat.too@mail.ru.