2025 жылғы 6 айдағы табиғат қорғау іс-шаралары бойынша есеп Табиғат қорғау іс-шаралары бойынша есеп

Бүгінгі таңда Басқарма келесі табиғат қорғау іс-шараларын орындауда.

«Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорының қаражаты есебінен іске асырылатын жобалар бойынша жұмыстар жалғасуда.

8 шағын ауданында қорғаныс бөгетінің құрылысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылы, мердігер «КазИнМат» ЖШС (іске асыру құны 2329136112 теңге).

Аршалы ауданы Жібек жолы ауылының 8 шағын ауданында қорғаныс бөгетінің құрылысы бойынша негізгі жұмыстар аяқталды, орындалған жұмыстардың жалпы көлемі 75%. Құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.

Сандықтау ауданы Балкашино селосының жағалау жиегіндегі Жабай өзенінің арнасы бойынша жағалауды нығайту және түбін тереңдету жұмыстары, мердігер «Целингидротех» ЖШС (іске асыру құны 4061588857 теңге).

Сандықтау ауданы Балкашино ауылының жағалау сызығы бойындағы учаскелерде Жабай өзенінің арнасы бойынша жағалауды нығайту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Орындалған жұмыстардың көлемі 88% -ды құрайды. СМЖ-ны аяқтау 2025 жылғы желтоқсанға жоспарланған.

Шортанды ауданының «Дамса» бөгетіндегі шлюздер құрылысы және қолданыстағы су өткізу құрылысын консервациялау, мердігер «Qazaq Union» ЖШС сомасы (іске асыру құны 1084526170 теңге).

Бүгінгі таңда уақытша бөгет салу жұмыстары аяқталды.

су ағызу құрылыстарын салу бойынша жұмыстар басталды. СМЖ-ны аяқтау 2025 жылғы қыркүйекке жоспарланған.

Зеренді ауданы Чаглинка селосының жағалау жиегіндегі Чаглинка өзені арнасының түбін тереңдету жұмыстарын салу, мердігер «Qazaq Union» ЖШС (іске асыру құны 540650502 теңге).

3 шұңқырды ұйымдастыру және Чаглинка өзенінің арнасын тереңдету жөніндегі негізгі жұмыстар аяқталды. Алаңдарды одан әрі қалпына келтіре отырып, объект бойынша жұмыстар жалғасуда. СМЖ-ны аяқтау 2025 жылғы желтоқсанға жоспарланған.

Астрахан ауданы Старый Колутон селосының жағалау жиегіндегі учаскелерде Колутон өзенінің арнасын тазарту жұмыстары, мердігер «Көкшетаугидрогеология» АҚ (іске асыру құны  654130688 теңге).

Геодезиялық жұмыстар 100% орындалды, өсімдіктер 100% жойылды, өзен арнасының түбі 100% тазартылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. СМЖ-ны аяқтау 2025 жылғы қыркүйекке жоспарланған.

Жақсы ауданының Чапаевская-1 бөгетін күрделі жөндеу, мердігер «Көкшетаугидрогеология» АҚ (іске асыру құны 240209080 теңге).

Көктемгі су тасқыны кезінде құрылыстың шайылуы орын алды, қазіргі уақытта жобаға түзету жүргізіліп жатыр, мердігер қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. СМЖ-ны аяқтау 2025 жылғы шілдеге жоспарланған.

«Ақмола облысының Атбасар қаласын су басудан қорғау бөгетін салу және Жабай өзенінің арнасын тереңдету, кеңейту және түзету» жобасына сараптаманың оң қорытындысы алынды (жобаны іске асыру құны 9,8 млрд. теңге).

Сонымен қатар, «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қоры бөлген 1,4 млрд. теңге мөлшеріндегі қаражатты үнемдеу есебінен Атбасар қаласындағы ұзындығы 5,2 км Жабай өзенінің қауіпті учаскелерін тазарту және түзету бойынша жұмыстар жүргізілді.

Есіл өзенінің арнасын айналма автожолдан Целиноград ауданының Қажымұқан ауылына дейін тереңдету, түзету және кеңейту жұмыстары жалғасуда (мердігер «Павлодар өзен порты» АҚ). Жобаны іске асыру құны 7,4 млрд. теңге.

Жұмыстар 2021 жылдың шілдесінде басталып, 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

2023 жылдың шілдесінде Целиноград ауданы Р.Қошқарбаев ауылында Нұра өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары басталды. (мердігер - Қарағанды қаласының «Нұр и Д» ЖШС). Іске асыру құны 252 807 мың теңге, Объектідегі жұмыстар жалғасуда және 2025 жылы аяқталатын болады.

2024 жылы Бұланды ауданының «Прохоров-Колоколовская» бөгетін күрделі жөндеу басталды, жобаны іске асыру сомасы 336 916 мың теңге (мердігерлік ұйым - «AST URBAN STROY» ЖШС). Нысандағы жұмыстар жалғасуда және ағымдағы жылы аяқталады.

Аршалы ауданының Анар станциясының жанында орналасқан су өткізу құрылыстарымен қорғаныш бөгетін қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, жобаны іске асыру сомасы 136 700 мың теңге (мердігерлік ұйым - «Сервис Строй Инновац» ЖШС). Нысанды 2025 жылы аяқтау.

«Ұзындығы 21 км Жібек Жолы селосында Есіл өзенінің арнасын тереңдету және кеңейту» жобасы бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу үшін материалдар дайындалуда (іске асыру құны 10,5 млрд. теңге).

Бурабай ауданының «Веденовская» бөгетін қайта жаңарту жобасын әзірлеуге конкурстық рәсімдер жүргізілді (әзірлеуші «Таза Су» ЖШС). жобаны әзірлеудің жалпы сомасы 32,8 млн. теңге Бурабай ауданындағы «Веденовская» бөгетін қайта жаңартуды жобалау бойынша жұмыстар басталды, игеруді жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, ағымдағы жылы бөгеттің денесін нығайту жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 29-бабының 5-тармағына сәйкес 2024 жылы 2025-2027 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленді.

2025 жылғы 17 шілдеде қоғамдық тыңдаулар өткізілді және өтті, барлық ескертулер мен ұсыныстар ескерілді.
Алдағы уақытта Жоба Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне келісуге жіберіледі. Келісім алынғаннан кейін Жоба облыстық мәслихаттың сессиясына бекітуге шығарылатын болады.

Дата публикации
23 июля 2025