«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің» Көкшетау «мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Көкшетау "МҰТП" РММ ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес, 2025 жылғы 24 шілдеде Красный Кордон ауылының аумағында ашық талқылау жиналыстары нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды.

  1. Жобаның атауы:Орманды бұлақ филиалы, Зеренді ауданы аумағында орманды қорғау іс-шаралары аясында санитариялық жағдайын жақсарту, екпелердің санитариялық-гигиеналық және сауықтыру функцияларын арттыру, зиянкестер мен ауру ошақтарының алдын алу және жою мақсатында іріктеп-санитариялық және басқа да кесулер жүргізу жобасына арналған Қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есеп.
  2. Жобаның жүзеге асырылу орны: Зеренді ауданы.Географиялық координаттар 52.910436, 69.034427
  3. Өткізу күні мен уақыты: 2025 жылғы 24 шілде, 09-00, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Бәйтерек а. о., Красный Кордон а., Орталық к-сі, 59, Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің МҰТП ғимараты
  4. Онлайн қосылу сілтемесі: https://us05web.zoom.us/j/87991434631?pwd=vk5EpyWiqdz7cTUytYOobiq0MRaVuf.1
  5. Жобалаушы ұйым өкілі: «JustEco» ЖШС Тел.: +7 (706) 429 54 77 toojusteco@gmail.com

Жобалық құжаттама пакетін Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы деректердің ұлттық базасы порталында табуға болады. https://ndbecology.gov.kz/

Ескертулер мен ұсыныстар Қоғамдық тыңдауға ұсынылған құжаттар бойынша жазбаша немесе электронды түрде https://hearings.ndbecology.gov.kz/ мекенжайы бойынша қабылданады, «Ақмола облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89, тел.: 8(7162)40-28-07 https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr?lang=ru. expeco@mail.ru

Дата публикации
23 июня 2025