Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері (ҚОСНК)

Мемлекеттік мекеме «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мен «AspanTau LTD» ЖШС арасында 2022 жылғы 26 мамырдағы № 9/008 мемлекеттік сатып алу шарты жасалды. Шарттың нысанасы – Ақмола облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу, шарт сомасы – 34 837 275 теңге.

Жоба бірнеше рет қайта қарау және түзету үшін жіберілген.

2024 жылғы 16 тамызда № 01-05/2679 шығыс хаты бойынша жоба мемлекеттік экологиялық сараптамадан өту үшін РММ «Ақмола облысы бойынша экология департаментіне» жолданды.
2024 жылғы 2 қыркүйекте № 03/2556 шығыс хатымен экология департаменті жобаның ескертулерімен бірге дәлелді пікірін берді. Бұл ескертулер жобаны әзірлеушіге жою үшін жолданды.

Алайда бүгінгі күнге дейін ескертулері жойылған жоба мемлекеттік экологиялық сараптаманың қайта қарауына ұсынылған жоқ.

Осыған байланысты басқарма жобаны әзірлеушіге қарсы Ақмола облысының ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берді.

Ағымдағы жылдың 17 наурызында «AspanTau LTD» ЖШС-мен экология департаментінің ескертулерін ескеріп, жобаны ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдауларға шығаруды көздейтін медиативтік келісім жасалды. Жобаны аяқтау мерзімі – 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін.

Дата публикации
05 июня 2025