Мемлекеттік экологиялық саясаттың жергілікті деңгейде іске асырылу барысы туралы ақпарат

Орман шаруашылығы

Ақмола облысының орман қорының жалпы ауданы 1,1 млн га құрайды, оның үштен бірі орманмен жабылған (384,2 мың га). Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының балансында 405,1 мың га (соның ішінде орманмен жабылғаны 227,9 мың га) бар. Басқарманың жедел басқаруында 13 орман шаруашылығы мекемесі жұмыс істейді. Орман шаруашылығы мекемелерінің штаттық саны 853 адамды құрайды, оның ішінде 514-і — мемлекеттік орман күзеті.

Орманды қалпына келтіру Мемлекет басшысының орман қорында 2 млрд. ағаш отырғызу жөніндегі Жолдауын іске асыру аясында, 2021–2027 жылдары Ақмола облысында қылқан және жапырақты ағаш түрлерінің 150 млн дана көшетін отырғызу жоспарланған. 2021–2024 жылдар аралығында Басқармаға қарасты орман шаруашылығы мекемелері 8,6 мың га жерге 55 млн дана ағаш көшетін отырғызды.

Орманды қорғау және күзету Орман өрттерінің алдын алу және жою жүйесін жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық шаралар кешені жыл сайын өткізіледі. Бұл шаралар уәкілетті органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритмдерін енгізуді қамтиды:

2024 жылғы 22 мамырда Сандықтау ауданындағы «Маралды орман шаруашылығы мекемесі» базасында Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп «Өрт-2024» өртке қарсы тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Оған облыс әкімі, төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр және Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары қатысты. Оқу-жаттығуға 2 тікұшақ, 45 бірлік техника және 236 адам жұмылдырылды (ТЖД – 15 техника, 55 адам; ОШМ – 12 техника, 48 адам; ЖАО – 5 техника, 20 адам; азаматтық қорғау қызметтері – 10 техника, 53 адам; АГЗ – 3 техника, 60 адам; Қазәуежелқұтқару – 1 тікұшақ; Қазәуеорманқорғау – 1 тікұшақ).

Осыған ұқсас оқу-жаттығулар басқармаға қарасты барлық орман шаруашылығы мекемелерінде өткізілді. 2024 жылы облыс әкімі аппаратының бюджеттік қаражаты есебінен орман өрттерін сөндіру мақсатында 9 шағын орман патрульдік кешені сатып алынды. Сондай-ақ, 2025 жылғы өрт қаупі бар маусымға дейін 84 бірлік өртке қарсы техника лизинг арқылы сатып алынуы жоспарлануда (26 өрт сөндіру көлігі, 30 шағын орман патрульдік кешені және 28 доңғалақты трактор).

Минералданған жолақтарға күтім жасау жұмыстары 28 192 км көлемінде жүргізілді (2 және 3 мәрте), бұл жоспарланған 11 839 км-ден 238% артық.

Халық арасында түсіндіру және алдын алу шаралары жүргізілді. Өрт қауіпсіздігі тақырыбы бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарына 258 нұсқама берілді, 7905 парақша таратылды, 287 дәріс, әңгіме және семинар өткізілді, облыстық және аудандық газеттерде 111 мақала жарияланды, 2 теледидарлық сөз сөйлеу жүзеге асырылды.

Орман өрттері Мемлекеттік орман қоры аумағында 4 орман өрті тіркелді, жалпы аумағы 1,43 га, оның ішінде орманмен жабылғаны – 1,42 га, ормансыз – 0,01 га. Жалпы залал 191,6 мың теңгені құрады, оның ішінде сөндіруге жұмсалған шығындар – 128,5 мың теңге.

Жануарлар дүниесін қорғау

Облыс аумағында 632 балық шаруашылығы су айдыны бар, олардың ішінде:

  • 226 – көл-тауарлы балық шаруашылығына;
  • 142 – кәсіпшілік балық аулауға;
  • 12 – әуесқой (спорттық) балық аулауға бекітілген.

Аңшылық шаруашылығында жалпы ауданы 12,4 млн га болатын 161 алқап бар, оның ішінде 139 алқап (10,9 млн га) бекітілген, 22 алқап резервтік қорда.

Аңшылық алқаптарды бекіту бойынша 2 конкурс өткізілді, жалпы сомасы – 635,3 мың теңге. 2024 жылы жануарлар дүниесін пайдалануға 2170 рұқсат берілді. Аквамәдениеттің өнімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ тұқымдық балық өсіруді дамыту бойынша 3 жоба мақұлданды, жалпы сома – 1,4 млн теңге.

Экологиялық реттеу және су ресурстарын қорғау

Экологиялық реттеу саласында:

  • 69 экологиялық рұқсат;
  • 149 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы;
  • 316 қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация берілді;
  • 341 қоғамдық тыңдау өткізілді.

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін облыс бюджетіне 4,9 млрд теңгеден астам қаражат түсті.

Ақмола облысы аумағында 90 гидротехникалық құрылыс бар:

  • 17 – республикалық меншік;
  • 66 – коммуналдық;
  • 7 – жекеменшік. Иесіз ГТС жоқ.

Кешенді тексерулер жүргізілген нысандар: «Соленая балка» (Есіл ауданы), «Веденовская» (Бурабай ауданы), «Сепе-2» және «Сочинское-1» (Атбасар ауданы), «Қызыл-Жұлдыз» (Астрахан ауданы), «Сарықамыс» (Шортанды ауданы), «Кенесаринская» және «Флоровская» (Бурабай ауданы).

«Қазводхоз» РМК қатысуымен «Щучинские дачи», «Айдабульская», «Алексеевская», «Қоянды су қоймасы», «Подлесное су қоймасы» бөгеттері тексерілді.

Қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары

Целиноград ауданында Есіл және Нұра өзендерінің арналарын тереңдету, түзеу және кеңейту жұмыстары жалғасуда. 2024 жылы Буланды және Аршалы аудандарындағы 2 бөгетке күрделі жөндеу басталды.

«Қазцинк» компаниясының демеушілігімен Көкшетау қаласы шегінде Қылшақты өзені 4,3 км бойында тазартылды.

2024 жылғы қазанда «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қоры есебінен қаржыландырылатын 6 жоба басталды: Жабай және Чаглинка өзендерін тереңдету және түзеу, 3 бөгетті жөндеу және 1 бөгет салу.

Жыл басынан бері облыстың 11 су нысаны бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жобалары әзірленді. 3,4 млн дана қарағай көшеті және 6 түрден 6787 дана көшет сатып алынды.

Копа көліне 11,7 млн дана пелядь дернәсілі, 40 179 дана ақ амур және дөңмаңдай шабақтары жіберілді. 2024 жылы 118 328 сынап құрамды құралдар (шамдар, термометрлер) жиналып, кәдеге жаратылды.

«Жасыл Даму» АҚ арқылы қалдықтарды өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыру аясында Көкшетау қаласында, Бурабай және Зеренді аудандарында қалдықтарды өңдеуге бағытталған 3 жоба жүзеге асырылуда.

Дата публикации
05 июня 2025