RG Gold ЖШС қоғамдық тыңдауларды ашық жиналыс нысанында өткізетіні туралы хабарлайды.

Хабарлама

"RG Gold" ЖШС " RG Processing ЖШС Алтын өндіру фабрикасының (АӨФ) жұмысы кезінде пайда болатын қалдықтарды «RG Gold» ЖШС қоймасында орналастыруға қалдықтарды жинауды 6 млн-нан 6,5 млн. тоннаға дейін ұлғайту " жоспарланған қызметтің ықтимал әсерлері туралы есеп жобасы бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілу туралы хабарлайды.

Қоғамдық тыңдаулар 2025 ж. 13 маусымда:

-              сағат 10:00-де Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Успеноюрьев а.о., Николаевка ауылы, Куница көшесі 21, Кеңес Одағының Батыры А.С. Куница атындағы жалпы білім беретін мектеп мекенжайы бойынша өтеді;

-              сағат 15:00-де Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Еркөл а.о., Гордеевка ауылы, Центральная көшесі, 24, Гордеевка ауылының негізгі орта мектебі мекенжайы бойынша өтеді.

Қатысушыларды тіркеу жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүргізіледі.

Райгородок ауылында тыңдаулар өткізуге жағдай болмағандықтан, оның тұрғындары үшін Николаевка ауылында өтетін орынға дейін көлік ұйымдастырылатын болады.

Төтенше жағдай немесе шектеу шаралары енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар ZOOM платформасы бойынша бейнеконференция фоматында өтеді:

-              Николаевка ауылы үшін: https://us06web.zoom.us/j/89109148737?pwd=oh0yFILlEAFGpjaVzIk1rPaB4DhEOn.1

Конференция идентификаторы: 891 0914 8737, Құпия сөз: 212311.

-              Гордеевка ауылы үшін: https://us06web.zoom.us/j/84299871903?pwd=485QKhvP7T90OKMCmf1QXjIlTCRBWi.1

Конференция идентификаторы: 842 9987 1903, Құпия сөз: 637943.

Жоспарланған қызметтің бастамашысы: «RG Gold» ЖШС, БСН 130740005369, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, № 80 үй, тел: 8 (71636)2-13-19.

Әсер ету аумағы:

- Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Успеноюрьев а.о., Райгородок және Николаевка ауылдары;

- Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Еркөл а.о., Гордеевка ауылы.

Қалдық қоймасының географиялық координаттары: 1) 52°27´56,00ʺ, 69°42´16,00ʺ; 2) 52°28´30,00ʺ, 69°44´27,00ʺ;

3) 52°28´28,00ʺ, 69°45´08,00ʺ; 4) 52°26´55,00ʺ, 69°42´50,60ʺ.

Жобалық құжаттаманы әзірлеуші: «Green Benefits» ЖШС, БСН 40640025044, Астана қ., Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 47, т.ү.е 1, тел: 8 708 206 79 84.

Жергілікті атқарушы орган: «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ.

Жоба бойынша құжаттама қоршаған ортаның жай-күйі және ресурстарды сақтау туралы Ұлттық деректер банкінде - «Жария тыңдаулар» бөлімінде https://hearings.ndbecology.gov.kz/, сондай-ақ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ сайтында орналастырылған.

Барлық ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.

Ескертулер мен ұсыныстар электрондық почта бойынша қабылданады: https://hearings.ndbecology.gov.kz/, https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr?lang=ru, expeco@mail.ru.

Дата публикации
08 мая 2025