Құрметті Ақмола облысының тұрғындары! 2025 жылғы 1-30 наурыз аралығында Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының қызметі туралы есепті жария талқылауға қатысуға шақырамыз. Есеп Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер"бөлімінде орналастырылған.
Есеп мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігін арттыру, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін жетілдіру мақсатында қалыптастырылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.
Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы интернет-ресурсына сілтеме https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr?lang=ru.