ХАБАРЛАНДЫРУ
«Ашина Тас» ЖШС Ақмола облысының Зеренді ауданында орналасқан Еленовское кен орнында («Придорожный» учаскесі және «Озерный» учаскесі) кірпіш сазын өндіруге арналған Тау-кен жұмыстарының жоспарына ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді: Эмиссиялар нормативтерінің жобасы, Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, Қалдықтарды басқару бағдарламасы, Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары.
Әкімшілік-аумақтық бірлік, оның географиялық координаттары, оның аумағына әсер етуі мүмкін және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін болады: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Бұлақ а. о., Еленовка а., (53°15'44.68" С. Е., 68°53'3.62" Ш. Б.).
Придорожный учаскесі:
Озерный» учаскесі:
Тыңдаулар өтеді: 07.11.2024 ж. сағат 17.00-де Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Бұлақ а.о., Еленовка а., Абылай хан к-сі, 36 (Мәдениет үйі) мекенжайы бойынша.
Ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
Тыңдаулар гибридті форматта өткізіледі, қатысу үшін мына мекен-жайға келу немесе ZOOM Meeting Cloud қосымшасын жүктеу қажет. Конференцияны сәйкестендіру: 413 945 6516; кіру коды: 777
Бастамашысы – «Ашина Тас» ЖШС, БСН: 040340002132, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Бұлақ а.о., Еленовка а., Абай Құнанбаев көшесі, 51-үй, 1-пәтер., тел.: 8(716)-225-52-16
Жобалық құжаттаманы әзірлеуші «АЛАИТ» ЖШС, БСН: 100540015046, Көкшетау қ., Шалқар к-сі, 18, 15 кеңсе, тел.: 8 (707) 156-44-71.
Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттармен https://ecoportal.kz/ және «Ақмола облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr/contacts?lang=ru сайтында танысуға болады.
Жоспарланған қызмет туралы, қоғамдық тыңдаулар өткізу кезінде қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ жоспарланған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін e-mail: alait2030@gmail.com және тел: 8 (707) 156-44-71 бойынша сұратуға болады.
Жобалық материалдар бойынша ескертулерді, ұсыныстарды Бірыңғай экологиялық порталға https://ecoportal.kz/ және «Ақмола облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ Көкшетау қ., Абай к-сі 89, тел.: 8 (7162) 401403, электрондық мекен-жайына: natur@aqmola.gov.kz жіберуге болады.