Хабарландыру
"Хлебороб" ЖШС Ақкөл ауданының Наумовка а. орналасқан "Хлебороб" ЖШС жұмыс істеп тұрған кәсіпорны үшін «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі, рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасы; қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы; өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
Аумағына әсерін тигізуі мүмкін және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі: Ақкөл ауданы, Наумовка ауылы. Географиялық координаттары: 52°7'51.54"С. 70°21'6.16"В.
Тыңдаулар 29.10.2024 ж. сағат 11.00-де Ақкөл ауданы, Наумовка а., әкімдік ғимаратында өткізіледі. Ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
Бастамашы – «Хлебороб» ЖШС, БСН: 060840003152, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Наумовка а, тел: 87163832718, е-mail: hleborob.2010@yandex.kz.
Жобалық құжаттаманы әзірлеуші: «Исин Б.М» ЖК, Көкшетау қ., Коктем, 8б/2 ш/а, 8б/2, тел.: 87051491141, е-mail:biko_isin@mail.ru.
Жоба бойынша құжаттама БЭП порталында орналастырылған https://ecoportal.kz/ және жергілікті атқарушы органның сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr?lang=ru.
Жоспарланған қызмет туралы қосымша ақпаратты, сондай-ақ құжаттардың көшірмесін сұратуды е-mail: biko_isin@mail.ru және тел.: 87051491141 арқылы алуға болады.
Zoom платформасындағы бейнеконференцияға сілтеме: https://us05web.zoom.us/j/4386166890?pwd=K2mztFb2StxxXYLB99XqAOwMhuBRSL.1&omn=85243909575. Идентификатор: 4386166890. Кiру коды: t14pVq.
Мүдделі жұртшылық өзінің ескертулері мен ұсыныстарын жіберетін жергілікті атқарушы орган – «Ақмола облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, Көкшетау қ., Абай к-сі 89, тел.: 8(7162)401403, электрондық мекен-жайы : natur@aqmola.gov.kz.