Қазіргі уақытта 2 жабдық желісі (Тоңазытқыш/Климаттық жабдықты қайта өңдеу; ЖҚҚ/ЖРВ қалдықтарын жою) Қазақстанға жеткізілді, сондай-ақ кедендік рәсімдер аяқталды.
Ақмола облысының әкімдігі 2023 жылы қоғамдық тыңдаулар өткізді, "Эколюкс-Ас" ЖШС кешен құрылысы жобасы бойынша әсерге экологиялық рұқсат берді.
2023 жылғы 30 қарашада Ақмола облысы әкімдігі жанындағы Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында "Еңбекшілдер ауылы, Абай көшесі, 33а учаскесі, ЖРВ/ЖҚҚ қалдықтарын термиялық жою және тоңазытқыш/климаттық жабдықтарды қайта өңдеу жөніндегі өнеркәсіптік кешенді сыртқы электрмен жабдықтау" жұмыс жобасы қаралды және мақұлданды. Сыртқы электрмен жабдықтау жобасын іске асыру және әлеуетті өнім берушімен шарт жасасу 2024 жылдың 3-4 тоқсанында жоспарланған.
2024 жылғы 30 мамырда кешен құрылысы бойынша жұмыс жобасына № 12-0219/24 мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
2024 жылғы 18 шілдеде жобаны іске асыру мониторингі мақсатында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж.Әлиев, "Жасыл даму" АҚ Ақмола облысына баруды жүзеге асырды.