Назар аударыңыз
"Қазақалтын" ЖШС Ақсу кенішінің "Кварцит төбешіктері" кен орнына әсер етуге экологиялық рұқсат алу үшін: рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасы, рұқсат етілген төгінділер нормативтерінің жобасы, қалдықтарды басқару бағдарламасы, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары материалдар бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды.
Қоғамдық тыңдаулар 2024 ж. 27 қыркүйек күні:
- сағат 15:00-де Ақмола облысы, Степногорск ә. қ., Ақсу ә. к., Ақсу кенті, Набиев көшесі 26, Әкімдік ғимараты мекенжайы бойынша өтеді;
Төтенше жағдай немесе шектеу шаралары енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар ZOOM платформасы бойынша бейнеконференция фоматында өтеді:
- Идентификатор: 884 3137 2715, Кіру коды: 845834
Жоспарланған қызметтің бастамашысы: «Казахалтын» ЖШС, БСН 990940003176, Ақмола облысы, Степногорск қ., 5 шағын аудан, 6 үй. Тел: +7 (71645)-2-84-02.
Әсер ету аумағы:
- Ақмола облысы, Степногорск. ә. қ., Ақсу ә. к, Ақсу кенті.;
Географиялық координаттар:
1) 52°27'35'' с.е. және 71°56'22'' ш.б.;
2) 52°26'53'' с.е. және 71°57'50'' ш.б.;
3) 52°26'23'' с.е. және 71°56'14'' ш.б.
Жобалық құжаттаманы әзірлеуші: «KazEcoProfit» ЖШС, БСН 110540014337, Астана қ., Есіл ауданы, Достык көшесі, 20, 1301 кеңсе, тел: 8-7172-72-51-74.
Жергілікті атқарушы орган: «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ.
Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын материалдармен, содан кейін жарияланған қоғамдық тыңдаулар хаттамасымен бірыңғай экологиялық порталда танысуға болады http://www.ecoportal.kz, сондай-ақ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ сайтында.
Барлық ескертулер мен ұсыныстар бірыңғай экологиялық порталда қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.
Қосымша ақпаратты электрондық пошта арқылы алуға болады ecojer@mail.ru және телефон бойынша: +7 (7212) 31-98-76.