"КАЗШПАЛ" АҚ ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

ХАБАРЛАНДЫРУ

"КазШпал" АҚ Ақмола облысының Аршалы ауданында орналасқан "Сенсембай" кен орнының құрылыс құмын өндіруге арналған Тау-кен жұмыстарының жоспарына экологиялық бөлімдермен қоғамдық тыңдаулар өткізеді: "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімі, эмиссиялар нормативтерінің жобасы, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, қалдықтарды басқару бағдарламасы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары.

Әкімшілік-аумақтық бірлік, оның географиялық координаттары, оның аумағына әсер етуі мүмкін және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін болады: Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Ельток ауылы, (51.027962 С.Е., 71.964280 Ш.Б.).

Жұмыс учаскесінің географиялық координаттары: (51°02'55,0''С.Е., 71°57'16,00''Ш.Б.)

Тыңдаулар өтеді: 13.09.2024 ж. Сағат 11.30-да Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Ельток а. о., Ельток а., Орталық к., 3-үй., а/о әкімдігінің ғимараты

Ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

Тыңдаулар гибридті форматта өткізіледі, қатысу үшін келесі мекен-жайға келу немесе ZOOM Meeting Cloud қосымшасын жүктеу қажет. Конференцияны сәйкестендіру: 413 945 6516; кіру коды: 777

Бастамашысы - "КазШпал" АҚ, БСН: 940340000898, Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Аршалы кенті, Республика көшесі, 1 ғимарат, тел.: +77021118494, e-mail: tokom-kz@mail.ru

Жобалық құжаттаманы әзірлеуші «АЛАИТ» ЖШС, 01.08.2013ж. №01583Р МЛ, Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен берілген, БСН: 100540015046, Көкшетау қ., Шалқар к-сі, 18, 15 кеңсе, тел.: 8 (747) 581-86-04.

Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттармен https://ecoportal.kz/ және «Ақмола облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr/contacts?lang=ru сайтында танысуға болады.

Жоспарланған қызмет туралы, қоғамдық тыңдаулар өткізу кезінде қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ жоспарланған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін e-mail: alait2030@gmail.com және тел: 8 (747) 581-86-04 бойынша сұратуға болады.

Жобалық материалдар бойынша ескертулерді, ұсыныстарды Бірыңғай экологиялық порталға https://ecoportal.kz/ және «Ақмола облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ Көкшетау қ., Абай к-сі 89, тел.: 8 (7162) 401403, электрондық мекен-жайына: natur@aqmola.gov.kz жіберуге болады.

Дата публикации
12 августа 2024