"JSM Company" ЖШС ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

ХАБАРЛАНДЫРУ

28.08.2024 сағат 15: 00-де Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылында: орталық көшесі, 19 мекенжайы бойынша Медициналық орталық ғимараты бойынша «Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Нұра-1 кен орнының құм өндіруге арналған Тау-кен жұмыстарының жоспары» жобасына «Ықтимал әсерлер туралы есеп» жобасының материалдары бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.

Жобаның тапсырыс берушісі –«JSM Company» ЖШС, БСН 220440006216, тел. +7-777-241-16-40, +7-702-186-7777. Мекен-жайы: ҚР, Қазақстан, Астана қ., Өнеркәсіптік тұрғын алабы, Балуан Шолақ к-сі, 21/2 үй, e-mail: jsm.trade777@gmail.com.

Жобаны әзірлеуші – «Noosphere ecology system» ЖШС, БСН 230940027185, тел.+7-777-241-16-40.

Әсер ету аумағы – Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыр а.

Құрылыс учаскесінің бұрыштық нүктелерінің географиялық координаттары:

Бұрыштық нүктелер №         Бұрыштық нүктелердің координаттары

         Солтүстік ендік   Шығыс бойлық

         дәрежесі     минуттар   секундтар  дәрежесі     минуттар   секундтар

1       50°    46′     19.8″ 71°    24′     19.06″

2       50°    46′     25.0″ 71°    24′     58.00″

3       50°    46′     10.0″ 71°    24′     55.00″

4       50°    46′     08.7″ 71°    24′     40.00″

5       50°    46′     13.0″ 71°    24′     31.00″

6       50°    46′     12.46″        71°    24′     26.66″

 

Әсер ету аумағы кен орнында анықталған аумақпен шектеледі (әсер ету аумағының координаттары жер учаскесінің координаттарымен сәйкес келеді).

Жоба материалдарымен бірыңғай экологиялық порталдың (БЭК) сайтында және «Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ сайтында «Қоғамдық тыңдаулар» бөлімінде танысуға болады. Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: Астана қ., Ж. Омаров к-сі 10, 1 кеңсе, e-mail: llpnes23@gmail.com, +7-777-241-16-40.

Ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей электрондық мекенжай бойынша қабылданады - expeco@mail.ru, тапсырыс беруші – llpnes23@gmail.com.

Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда, қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі. Интернеттегі байланыс сілтемесі:

https://us06web.zoom.us/j/6834666500?pwd=akMhIyOVuWvyKhetg255bvmpiwx17H.1

Конференция идентификаторы: 683 466 6500

Кіру коды: 6iPK3E

Дата публикации
29 июля 2024