Хабарландыру
"САРЫБИІК" ЖШС Ақмола облысы Аршалы ауданының "Сарыбиік" кен орнында шөгінді және магмалық жыныстарды өндіруге арналған Тау-кен жұмыстарының жоспарына Эмиссиялар нормативтерінің жобасы, Қалдықтарды басқару бағдарламасы, Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
Аумағына әсер етуі мүмкін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі: Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Елтоқ а.о, Елтоқ а. (бұрынғы. Волгодоновка ауылы).
Әсер ету аумағы және географиялық координаттары: Елтоқ а. (бұрынғы Волгодоновка ауылы), 51.027961 с. е., 71.964277 ш. б.
Учаскенің географиялық координаттары: 51°2'3,99" с. е., 72°0'3,13" ш. б.
Тыңдаулар: 24.07.2024 ж. сағат 12:00-де мына мекен-жай бойынша өтеді: Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Елтоқ а.о, Елтоқ а. (бұрынғы Волгодоновка а.), ауылдық округ әкімдігінің ғимараты.
Ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
Тыңдаулар гибридті форматта өткізіледі, қатысу үшін мына мекен-жайға келу немесе ZOOM Meeting Cloud қосымшасын жүктеу қажет. Конференцияны сәйкестендіру: 413 945 6516. Пароль 777.
Бастамашысы - "САРЫБИІК" ЖШС Астана қ., Байқоңыр ауданы, Ж. Досмұхамедұлы көшесі, 38/5 БСН 081040012753, тел.: 8 (771) 700 30 16.
Жобалық құжаттаманы әзірлеуші «АЛАИТ» ЖШС, БСН: 100540015046, Көкшетау қ., Шалқар к-сі, 18, 15 кеңсе, тел.: 8 (776)1124854.
Қоғамдық тыңдауға шығарылатын құжаттармен танысуға https://ecoportal.kz/ және "Ақмола облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr/documents/2?lang=ru болады.
Жоспарланған қызмет туралы, қоғамдық тыңдаулар өткізу кезінде қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ e-mail бойынша жоспарланған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін сұратуға болады: alait@mail.ru және тел: 87761124854.
Жобалық материалдар бойынша өз ескертулерін, ұсыныстарын Бірыңғай экологиялық порталға жіберуге болады https://ecoportal.kz және "Ақмола облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ Көкшетау қаласы, Абай көшесі 89, тел.: 8 (7162) 401403, электрондық мекенжайы: natur@aqmola.gov.kz.