Хабарландыру
«Алтыналмас АК» АҚ «Ақмола облысының Степногорск қаласында Алтынтау ст. «Алтыналмас АК» АҚ № 4 темір жолының құрылысы (ұзартылуы)» жұмыс жобасына әсер етуге («Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, қалдықтарды басқару бағдарламасы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары) экологиялық рұқсат алу үшін материалдар бойынша ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды.
Әсер ету аумағы: Степногорск қаласы, Ақсу кенті.
Учаскенің географиялық координаттары және әсер ету аумағының географиялық координаттары:
Тыңдау 2024 жылғы 4 шілде сағат 11:00-де Степногорск қаласы, Ақсу кенті, Аскен Нәбиев көшесі, 26 ғимарат, акт залы мекенжайы бойынша өтеді.
Жоспарланған қызметтің бастамашысы: «АҚ Алтыналмас» АҚ , БСН950640000810, Алматы қ., Республика алаңы, 15, тел.: 8 (7273) 500-200.
Жобалық құжаттаманы әзірлеуші: «NS-Стройпроект» ЖШС, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Едіге би көшесі, 76, 14 п. н., БСН110740000344, тел.: +77057081011.
Жобалық құжаттама пакетімен «www.ecoportal.kz» Бірыңғай экологиялық порталында, сондай-ақ «www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr?lang=ru» АжҚДМ сайтында танысуға болады.
Қосымша ақпаратты e-mail m.zhubaidildayev@altynalmas.kz және +77054433127. телефон нөмірі бойынша алуға болады.
Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар Бірыңғай экологиялық порталда қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, сондай-ақ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ (Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89, тел. 8 (7162) 40-28-07, expeco@mail.ru).
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда, қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі.
Белсенді сілтеме:
https://us05web.zoom.us/j/6582139793?pwd=VnV5djlMR1dEYTE1djQyS01SRUtwQT09&omn=87584354077
Конференция идентификаторы: 658 213 9793
Қолжетім коды: 6L0QD5