Құрметті Ақмола облысының тұрғындары! 2024 жылғы 1 және 30 наурыз аралығында Ақмола облысының жергілікті артқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есептің ашық талқылауына шақырамыз. Есеп Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылды.
Есеп мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігін арттыру, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін жетілдіру мақсатында қалыптастырылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізу мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыруға бағытталған. Жария талқылаулар көрсетілген қызметті берушілер қызметтің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттің қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру,оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.
Сілтеме Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының интернет ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr?lang=ru.