Қоғамдық тыңдаулар
«Кайыр комп» ЖШС Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы Жалғызқарағай учаскесін барлау жоспарымен қатар, рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасын, қалдықтарды басқару бағдарламасын, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын қарау жөнінде ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
Әсер етуі мүмкін аумақ: Ақмола облысы, Ақкөл ауданы және Біржан сал ауданы. Учаскенің географиялық координаттары: 71°17'00,00" Ш.Б. 52°31'00,00" С.Е.; 71°17'00,00" Ш.Б. 52°32'00,00" С.Е.; 71°18'00,00" Ш.Б. 52°32'00,00" С.Е.; 71°18'00,00" Ш.Б. 52°31'00,00" С.Е..
Тыңдау 12.03.2024 сағат 15-те Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Тастыадыр аулы, әкімдік ғимаратында өтеді. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.
Сондай-ақ, қоғамдық тыңдаулар ZOOM платформасында бейнеконференциялар арқылы онлайн режимінде қолжетімді болады. Онлайн тыңдауларға қатысу үшін мына сілтеме бойынша өту қажет: https://us05web.zoom.us/j/4418321842?pwd=g19ODx2oFCDjW91ZJuZCmkmZK6bnMo.1
конференция идентификаторы: 4418321842 кіру коды: KK2F0h.
Тапсырыс беруші бастамашы " Кайыр комп " ЖШС, ҚР, Астана қ., Талапкер көшесі 26. БСН 220440046443; тел.8 776 818 39 93.
Әзірлеуші: Астана қаласы "ЭкоОптимум" ЖШС, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 12," Жемчужина-Тау " БО, 202 кеңсе, тел. 8 775 345 63 57
Бірыңғай экологиялық порталға және жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсына сілтеме: https://ecoportal.kz/Public/PubHearings/ShowDetails/17536; https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr?lang=ru.
Жоспарланған қызмет туралы қосымша ақпарат алуға болатын электрондық мекенжай және телефон нөмірі: i_sayan@.mail.ru, 8 777 763 88 55.
Жергілікті атқарушы органның электрондық және пошталық мекенжайы: Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89, тел. 8 7162 40 28 07 expeco@mail.ru.
Ескертулер мен ұсыныстар жазбаша немесе электрондық нысанда мына мекенжай бойынша қабылданады: Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89, тел. 8 7162 40 28 07 expeco@mail.ru.