"Monolit-Tas" ЖШС ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды.

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Monolit-Tas» ЖШС Ақмола облысы Аршалы ауданы «Енбек-Тас» кен орнында гранитті игеру кезінде тау-кен жұмыстарымен бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасына «Ықтимал әсерлер туралы есеп» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

Қоғамдық тыңдау 13.12.2023 ж. сағат 15.00-де Аршалы ауданы, а.о. Түрген, а. Түрген, көш. Жастар, 19

Ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін

ҚР аумағында ТЖ және карантин режимі күшейген жағдайда тыңдаулар бейнеконференция форматында өткізіледі, қатысу үшін ZOOM Meeting Cloud қосымшасын жүктеу қажет. Конференцияны сәйкестендіру: 248 741 0037. Пароль jks7uG.

Бастамашы – «Monolit-Tas» ЖШС, БСН: 211040013843, Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Түрген ауылдық округі, Родники ауылы, көш. Озерная, 11, тел: 8 (778) 161-39-00, e-mail: MonolitTas2021@gmail.com .

Жобаны әзірлеуші «АЛАИТ» ЖШС, БСН: 100540015046, Көкшетау қ,Шалкар к, 18 үй, 15 офисі, тел.: 8 (747) 186-04-28, e-mail: alait@mail.ru .

Жоспарланған қызмет бойынша ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізу басталатын күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz "қоғамдық тыңдаулар" бөлімінде қабылданады.

ЖАО жұртшылықтың қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге жауапты – «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, Көкшетау қ, Абая к, 89 үй, тел.: 8 (716-2) 40-14-03, электрондық мекенжайы: natur@aqmola.gov.kz.

Дата публикации
13 ноября 2023