"КЕН ШУАҚ" ЖШС ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

Хабарландыру!

«Кен Шуақ» ЖШС Ақмола облысында орналасқан «Қызылсор» кен орнында тотыққан мыстың минералды қорларын өндіруге арналған тау-кен жұмыстарының жоспарына  Эмиссиялар нормативтерінің жобасы, Қалдықтарды басқару бағдарламасы, Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары жобалары бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізеді..

Аумағына әсер етуі мүмкін және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі: Біржан Сал ауданы, Ақсу кенті,

Тыңдаулар 29.11.2023 ж. сағат 12.00-де келесі мекен-жай бойынша өтеді: Біржан Сал ауданы, Ақсу ауылы, Желтоқсан к-сі, 7 ғимарат, мектеп ғимараты.

Ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

ҚР аумағында ТЖ және карантин режимі күшейген жағдайда тыңдаулар бейнеконференция форматында өткізіледі, қатысу үшін ZOOM Meeting Cloud қосымшасын жүктеу қажет. Конференцияны сәйкестендіру: 248 741 0037. Пароль: jks7uG.

Бастамашы – «Кен Шуак» ЖШС, ЖСН: 161040004442, Нұр-Сұлтан қ., Бөгенбай батыр даңғ., 6/5 үй, 59 кеңсе, тел.: 8(701)7770749, e-mail: kenshuaknedra@mail.ru.

Жобалық құжаттаманы әзірлеуші «АЛАИТ» ЖШС, БСН: 100540015046, Көкшетау қ., Шалкар к-сі, 18 үй, 15 кеңсе, тел.: 8 (777)4212014, e-mail: alait2030@gmail.com.

Жоспарланған қызмет бойынша ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізу басталатын күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей Бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.kz қабылданады.

Қоғамдық тыңдаулар өткізу кезінде межеленіп отырған қызмет туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ межеленіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін e-mail: alait@mail.ru және тел: 87761124854 арқылы сұрауға болады.

Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы ақпаратқа жұртшылықтың қол жеткізуін қамтамасыз етуге жауапты ЖАО – «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, Көкшетау қ., Абай к-сі, 89 үй, тел.: 8(7162)401403, электрондық мекен-жайы: natur@aqmola.gov.kz

Дата публикации
27 октября 2023