"ABK Nerud" ЖШС ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

ХАБАРЛАНДЫРУ

"ABK Nerud" ЖШС Ақмола облысының Аршалы ауданында орналасқан "Восток" кен орнының гранит өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарының жоспарына "Ықтимал әсерлер туралы есеп" жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

Қоғамдық тыңдау 17.11.2023 ж. сағат 15.00-де Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Мәдениет үйінің ғимаратында өтеді

Ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін

ҚР аумағында ТЖ және карантин режимі күшейген жағдайда тыңдаулар бейнеконференция форматында өткізіледі, қатысу үшін ZOOM Meeting Cloud қосымшасын жүктеу қажет. Конференцияны сәйкестендіру: 248 741 0037. Пароль jks7uG.

Бастамашы – «ABK Nerud» ЖШС, БСН: 220140005940, Астана қ, Тәуелсіздік даңғылы, 13 үй, тел: 8 (702) 228-83-33.

Жобаны әзірлеуші «АЛАИТ» ЖШС, БСН: 100540015046, Көкшетау қ,Шалкар к, 18 үй, 15 офисі, тел.: 8 (747) 186-04-28.

Порталға сілтеме: https://ecoportal.kz және https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr?lang=ru

Қоғамдық тыңдаулар өткізу кезінде межеленіп отырған қызмет туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ межеленіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін e-mail: alait2030@gmail.com және тел: 8 (747) 186-04-28.

ЖАО жұртшылықтың қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге жауапты – «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, Көкшетау қ, Абая к, 89 үй, тел.: 8 (716-2) 40-14-03, электрондық мекенжайы: natur@aqmola.gov.kz.

Дата публикации
17 октября 2023