"Jol Qurylys" ЖШС қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды

Хабарландыру

«Jol Qurylys» ЖШС келесі жобалар бойынша әсер етуге экологиялық рұқсат алу үшін қоғамдық тыңдаулар өткізеді: «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі, Эмиссиялар нормативтерінің жобасы, Қалдықтарды басқару бағдарламасы, Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары:

  1. Ақмола облысының Жақсы ауданында орналасқан Жақсы-2 кен орнында шөгінді жыныстарды (қиыршық тасты топырақты) өндіруге арналған тау-кен жұмыстарының жоспары;
  2. Ақмола облысының Жақсы ауданында орналасқан Новокиенка кен орнында саз өндіруге арналған тау-кен жұмыстарының жоспары
  3. Ақмола облысының Жақсы ауданында орналасқан Калининский кен орнында сазды жыныстарды өндіруге арналған тау-кен жұмыстарының жоспары
  4. Ақмола облысының Жақсы ауданында орналасқан Қалмақкөл кен орнында саз және сазды жыныстарды өндіруге арналған тау-кен жұмыстарының жоспары;
  5. Ақмола облысы Жақсы ауданында орналасқан Моховое кен орнының сазды-қиыршық тасты топырақтарын өндіруге арналған тау-кен жұмыстарының жоспары

Аумағына әсер етуі мүмкін және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі: Жақсы ауданы, 1) Жақсы а., 2) Новокиенка а., 3) Калининский а., 4) Қалмақкөл а., 5) Моховое ауылы.

Тыңдаулар өтеді:

1) 14.11.2023 ж., сағат 10:30-де келесі мекен-жай бойынша: Жақсы ауданы, Жақсы а., Мәдениет үйі;

2) 14.11.2023 ж., сағат 12:00-де келесі мекен-жай бойынша: Жақсы ауданы, Новокиенка а., әкімдік ғимараты;

3) 14.11.2023 ж., сағат 16:00-де келесі мекен-жай бойынша: Жақсы ауданы, Калининский а., «Арман» ЖШС кеңсесінің ғимараты;

4) 15.11.2023 ж., сағат 11:00-де келесі мекен-жай бойынша: Жақсы ауданы, Қалмақкөл а., тұрғын үй, Дорожная көшесі, 3;

5) 15.11.2023 ж., сағат 15:00-де келесі мекен-жай бойынша: Жақсы ауданы, Моховое а., а/о әкімдігінің ғимараты.

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы тиіс.

Ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

ҚР аумағында ТЖ және карантин режимі күшейтілген жағдайда тыңдаулар бейнеконференция форматында өткізіледі, қатысу үшін ZOOM Meeting Cloud қосымшасын жүктеу қажет. Конференцияны сәйкестендіру: 248 741 0037. Құпия сөзі jks7uG.

Бастамашы – «Jol Qurylys» ЖШС, БСН: 070140000540, Алматы қ., Медеу ауданы, Жуковский к-сі, 13, jol19@bk.ru, тел.: 8(775)1968189.

Жобалық құжаттаманы әзірлеуші «АЛАИТ» ЖШС, БСН: 100540015046, Көкшетау қ., Шалқар к-сі, 18, 15 кеңсе, alait@mail.ru, тел.: 8-702-339-16-93.

Ескертулер мен ұсыныстар https://ecoportal.kz/ сайтында қабылданады.

Қоғамдық тыңдаулар өткізу кезінде межеленіп отырған қызмет туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ межеленіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін e-mail: alait@mail.ru және тел: 8-702-339-16-93 арқылы сұрауға болады.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпаратқа жұртшылықтың қол жеткізе алуын қамтамасыз етуге жауапты ЖАО – «Ақмола облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, Көкшетау қ., Абай к-сі 89, тел.: 8(7162)40-28-07, электрондық мекен-жайы: natur@aqmola.gov.kz.

 

Дата публикации
13 октября 2023