Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №6С-7-9 «Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

 

Ақмола облыстық мәслихатының

2016 жылғы 12 желтоқсандағы

№6С-7-9 «Ақмола облысында ортақ

су пайдаланудың қағидаларын

белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс

енгізу туралы

 

 

Ақмола облыстық маслихаты ШЕШТІ:

  1. «Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 6С-7-9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5715 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларында:

8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшіліктің демалуына, туризм және спорт үшін арналған орын ретінде жергілікті атқарушы органдар белгілемеген орындарда шомылуға жол берілмейді»;

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 «КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды

реттеу және қорғау жөніндегі

Есіл бассейндік инспекциясы»

республикалық мемлекеттік

мекемесі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті»

республикалық мемлекеттік

мекемесі

 

 

 

 

Дата публикации
22 июня 2023