"Неруд Көкшетау" ЖШС Васильковка ауылының ашық жиналысы нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды

«Неруд-Көкшетау» ЖШС «Ақмола облысы Зеренді ауданының Қызылқоғам кен орнында граниттерді (магмалық жыныстар: құрылыс тасы және құм-қиыршық тас қоспасы) өндіруге арналған тау-кен жұмыстарының жоспарына ықтимал әсерлер туралы есеп» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

Аумағына әсер етуі мүмкін және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Гранитный а.

Тыңдаулар 04.07.2023 ж. келесі мекен-жай бойынша өтеді: сағат 10.00-де Зеренді ауданы, Васильковка а, орта мектеп ғимаратында және сағат 11.30-да Зеренді ауданы, Гранитный а., орта мектеп ғимаратында өткізіледі.

ҚР аумағында ТЖ және карантин режимі енгізілген жағдайда тыңдаулар бейнеконференция форматында өткізіледі, қатысу үшін ZOOM Meeting Cloud қосымшасын жүктеу қажет. Конференцияны сәйкестендіру: 248 741 0037. Құпия сөзі jks7uG.

Бастамашысы – «Неруд-Көкшетау» ЖШС, БСН 191040013893, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Қонысбай а.о., Гранитный а.

тел.: 8(7162)-50-25-36.

Жобалық құжаттаманы әзірлеуші «АЛАИТ» ЖШС, БСН: 060340004043, Көкшетау қ., Шалқар к-сі, 18, 15 кеңсе, тел.: 8 (747) 1031959.

Жоба материалдарымен ЖАО және БЭК сайтында танысуға болады: ecoportal.kz, https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr?lang=ru

Қоғамдық тыңдаулар өткізу кезінде межеленіп отырған қызмет туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ межеленіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін e-mail: alait2030@gmail.com және тел: 8 (747)1031959 арқылы сұрауға болады.

Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы ақпаратқа жұртшылықтың қол жеткізуін қамтамасыз етуге жауапты ЖАО – «Ақмола облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89: +7 (7162) 25-19-867, электрондық мекен-жайы: expeco@mail.ru

Дата публикации
30 мая 2023