"НЕРУД-КӨКШЕТАУ" ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ АШЫҚ ЖИНАЛЫС НЫСАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУЛАР ӨТКІЗІЛЕТІНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

«Неруд-Көкшетау» ЖШС «Ақмола облысы Зеренді ауданының Қызылқоғам кен орнында граниттерді (магмалық жыныстар: құрылыс тасы және құм-қиыршық тас қоспасы) өндіруге арналған тау-кен жұмыстарының жоспарына ықтимал әсерлер туралы есеп» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

Аумағына әсер етуі мүмкін және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Гранитный а.

Тыңдаулар 18.05.2023 ж. сағат 15.00-де келесі мекен-жай бойынша өтеді: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Гранитный а., Гранитный шағын ауданы 27, «Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Гранитный ауылының негізгі орта мектебі» КММ ғимараты.

ҚР аумағында ТЖ және карантин режимі енгізілген жағдайда тыңдаулар бейнеконференция форматында өткізіледі, қатысу үшін ZOOM Meeting Cloud қосымшасын жүктеу қажет. Конференцияны сәйкестендіру: 248 741 0037. Құпия сөзі jks7uG.

Бастамашысы – «Неруд-Көкшетау» ЖШС, БСН 191040013893, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Қонысбай а.о., Гранитный а.

тел.: 8(7162)-50-25-36.

Жобалық құжаттаманы әзірлеуші «АЛАИТ» ЖШС, БСН: 060340004043, Көкшетау қ., Шалқар к-сі, 18, 15 кеңсе, тел.: 8 (747) 1031959.

Жоба материалдарымен ЖАО және БЭК сайтында танысуға болады: ecoportal.kz, https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr?lang=ru

Қоғамдық тыңдаулар өткізу кезінде межеленіп отырған қызмет туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ межеленіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін e-mail: alait2030@gmail.com және тел: 8 (747)1031959 арқылы сұрауға болады.

Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы ақпаратқа жұртшылықтың қол жеткізуін қамтамасыз етуге жауапты ЖАО – «Ақмола облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89: +7 (7162) 25-19-867, электрондық мекен-жайы: expeco@mail.ru

Дата публикации
17 апреля 2023