Конкурстық құжаттама

Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру бойынша конкурсқа қатысушылардың конкурстық құжаттамасы

 

«Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 178 бұйрығына cәйкес ( әрі қарай - Қағидалар):

Конкурсқа қатысушылар конкурстық өтінімді тігілген түрде, беттерін нөмірлеп, соңғы бетін қолдарымен және мөрмен (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғалардан басқа) растап ұсынады және:

 1) конкурсқа қатысуға еркін нысандағы өтінішті;

 2) Қағидалардың 29-тармағына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;

 3) заңды тұлғалар үшін - жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесін;

 4) жеке тұлғалар үшін - жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмелерін;

  5) мыналар:

Кодекстің 38-бабының 1) тармақшасына сәйкес тиісті облыстың жергілікті өкілді органдары белгілеген шарттарда ортақ су пайдалану қағидаларын сақтау туралы;

су қорғаудың іс-шараларын жүзеге асыру;

оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілетін су объектілерінде жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су объектілерінің су қорғау аймақтарының аумақтарында шаруашылық және өзге де қызметтің белгіленген режимін сақтау;

су сервитутын белгілеу жөніндегі міндеттемелерді қамтиды.;

6) желімделген конвертте жоспарланған инвестицияның қысқаша негіздемесімен су объектіні пайдалануға қатысты конкурсқа қатысушының ниеті білдіріледі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

1) су объектісін пайдаланудың мәлімделген мақсаттарына сәйкес материалдық-техникалық базаның болуы;

2) қаржыландыру көздері мен көлемдерін көрсетіп, үш және одан көп жылдар бойынша даму жоспары (су қорғау іс-шараларын жүргізуді, су объектісін ұтымды пайдалану, су ресурстарын қорғау, су объектілерін көріктендіру жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда);

3) төлем қабілетін растайтын құжаттар:

конкурсқа қатысушыға қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы қол қойылған және мөр басылған банктің немесе банк филиалының анықтамасының түпнұсқасы (егер конкурсқа қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан ерте беріледі;

соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін;

конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күнінен бір ай бұрын берілген үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені, не салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар екені туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы.

Дата публикации
31 августа 2022