Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № А-5/222 «Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің

2022 жылғы 3 мамырдағы № А-5/222    

«Ақмола облысының су объектілерінің

су қорғау аймақтары мен белдеулерін,

оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимі

мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы»

қаулысына толықтыру енгізу туралы

 

 

  Ақмола облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» 2022 жылғы 3 мамырдағы № А-5/222 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде         № 28000) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 1-қосымша:

келесі мазмұндағы реттік нөмірі 27-1-жолмен толықтырылсын:

«

27-1

Ағысы бар Алакөл көлінің учаскесі

Астрахан ауданы, Бесбидайық ауылдық округі

500

35

».

  1. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақмола облысының әкімі                                                    Е. Маржықпаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті»

республикалық мемлекеттік

мекемесі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Су ресурстары комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі

Дата публикации
26 августа 2022