О внесении дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 3 мая 2022 года № А-5/222 «Об установлении водоохранных зон и полос водных объектов Акмолинской области, режима и особых условий их хозяйственного использования»

Ақмола облысы әкімдігінің

2022 жылғы 3 мамырдағы

№ А-5/222 «Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 116, 125-баптарына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 ммырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақмола облысы әкімдігінң «Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» 2022 жылғы 3 мамырдағы № А-5/222 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28000) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 1-қосымша:

келесі мазмұндағы реттік нөмірі 25-1-жолмен толықтырылсын:

«

25-1

Үлкен Барлыкөл көлі

Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылдық округі, Бабатай станциясынан оңтүстік-батысқа қарай 9,5 шақырымда

500

100

                                                                                                                        »;

Келесі мазмұндағы реттік нөмірі 42-1-жолмен толықтырылсын:

«

42-1

Қайрақты өзенінің ұзындығы 400 метр учаскесі

Бұланды ауданы, Вознесенка ауылдық округі, Вознесенка ауылы

 

500

35

                                                                                                                     ».

  1.  «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)  осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        

 

Облыс әкімі                                                                                Е. Маржықпаев

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті»

республикалық мемлекеттік

мекемесі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Су ресурстары комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі

 

Дата публикации
13 июня 2022