"Степногорск тау-кен химиялық комбинаты " ЖШС қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды

"Степногорск тау-кен - химиялық комбинаты" ЖШС Ақмола облысы Степногорск қаласы Сандықтау ауданы Шаңтөбе кентінің өнеркәсіптік аймағында орналасқан объектісінің эмиссия нормативтері және қосымша құжаттардың әзірленген жобалары:

1) 2022-2024 жылдарға арналған "СТХК" ЖШС Шаңтөбе кеніші үшін атмосфералық ауаға рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасын түзету;

2) "2022-2024 жылдарға арналған "СТХК" ЖШС Шаңтөбе кенішінің қалдықтарын басқару бағдарламасы".

3) Шаңтөбе кенішінің "2022-2024 жылдарға арналған өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы";

4) «Шаңтөбе кенішінің "2022-2024 жылдарға арналған ластаушы заттардың рұқсат етілген шығарындылары мен төгінділерінің нормативтерін сақтауға байланысты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары";

бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

Қоғамдық тыңдаулар 2021 жылы 06 желтоқсанда сағат 15.00-де өткізіледі.   Мекен-жайы: 021428, ҚР,  Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Шаңтөбе кенті,   1 шағын аудан, 21 ғимарат, 2 қабат, акт залы.

Тапсырыс беруші - "Степногорск тау-кен - химиялық комбинаты" ЖШС,   тел. 8 (71645) 7-91-95, эл. мекен-жайы: info@sghk.kz

Эмиссия нормативтерінің жобаларын әзірлеуші: "КазЭкоИнвест-А" ЖШС, тел.8 (7172)-77-63-76, эл. мекен-жайы: kazecoinvest-a@mail.ru

Мүдделі жұртшылық қоғамдық тыңдауларға ұсынылған материалдармен, ал кейін қоғамдық тыңдаулардың жарияланған хаттамасымен бірыңғай экологиялық порталда: https://idp.ecoportal.kz/ және жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында:  https://upr.akmo.gov.kz/ таныса алады.

Жоспарланған қызмет, қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы қосымша ақпаратты және мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерінің құжаттамасының көшірмелерін электрондық пошта арқылы сұрауға және алуға болады. Эл. мекен-жайы:  kazecoinvest-a@mail.ru , тел. 8-(7172)-77-63-76 және info@sghk.kz , тел. 8 (71645) 7-91-95.

Жұртшылық қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттарға және қоғамдық тыңдаулардың жарияланған хаттамасына өз ескертулері мен ұсыныстарын жазбаша немесе электронды түрде жібере алады:

- мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу органына - "Ақмола облысы бойынша экология департаменті" РММ, эл. мекен-жайлары: akmola-ecodep@ecogeo.gov.kz,            eco-akmola@bk.ru, тел. 8 (7162) 25-20-73; пошталық мекен-жайы: индекс 020000, Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 139 А;

жергілікті атқарушы органға - "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ, эл. мекен-жайы: expeco@mail.ru , тел. 8 (7162) 25-19-86; пошталық мекен-жайы: индекс 020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89.

08.12.2021 ж. - Қоғамдық тыңдауларды өткізу хаттамасы 

Қоғамдық тыңдауларды өткізудің бейне және аудиожазбасы

https://www.transfernow.net/dl/20211208HaWxbodQ 

Дата публикации
04 ноября 2021