"Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі " ММ Қоғамдық тыңдаулар өткізетіндігі туралы хабарлайды

"Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі "ММ Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 57-2 бабының талаптарына сәйкес, 2021 жылы 7 желтоқсанда сағат 11: 00-де Көкшетау қаласы, Момышұлы көшесі, 21 мекенжайында "Сарыарқа шағын ауданында жол құрылысы" жұмыс жобасына ҚОӘБ жобасы бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдау өтетінін хабарлайды.

         Тапсырыс беруші: "Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ, Әуелбеков көшесі, 139А, тел.: 8-716-225-6024

         Бас жобалаушы: "Алматыдорпроект" ЖШС, Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 184, Тел.: +7 7272 921001, almatydorproect@mail.ru

         ҚОӘБ жобасын әзірлеуші: ЖК "Кан Л.В." 8-727-292-1001

         Жоғарыда аталған жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстарды келесі электрондық мекен-жайға жіберуге болады almatydorproect@mail.ru Жобалық құжаттама пакетімен бірыңғай экологиялық порталда танысуға болады: http://www.ecoportal.kz сондай-ақ "Кокшетау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ сайтында https://www.aqmola.gov.kz

         Барлық ескертулер және ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады

         Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда, қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме бірыңғай экологиялық порталда және Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының сайтында ұсынылады

         Қосымша ақпаратты келесі байланыстар арқылы алуға болады телефоны: 8-727-292-1001

08.12.2021 ж. - Қоғамдық тыңдауларды өткізу хаттамасы 

Қоғамдық тыңдауларды өткізудің бейне және аудиожазбасы

https://youtu.be/5QAofytXbD4 

Дата публикации
04 ноября 2021