"Степногорск тау-кен химиялық комбинаты " ЖШС қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды

"Степногорск тау-кен - химиялық комбинаты" ЖШС Ақмола облысы Степногорск қаласы Заводской кентінің өнеркәсіптік аймағында орналасқан жұмыс істеп тұрған объектісінің эмиссия нормативтері және қосымша құжаттардың әзірленген жобалары бойынша:

1) 2022-2024 жылдарға арналған жұмыс істеп тұрған "СТХК" ЖШС кәсіпорны үшін атмосфералық ауаға рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасын түзету;

2) "2022-2024 жылдарға арналған "СТХК" ЖШС гидрометаллургиялық зауытының қалдықтарын басқару бағдарламасы";

3) "2022-2024 жылдарға арналған өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы";

4) "2022-2024 жылдарға арналған ластаушы заттардың рұқсат етілген шығарындылары мен төгінділерінің нормативтерін сақтауға байланысты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары";

ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

Қоғамдық тыңдаулар 2021 жылы 02 желтоқсанда сағат 15.00-де өткізіледі. Мекен-жайы: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Заводской кенті, Мәдениет үйі, Бейбітшілік көшесі, 11 А ғимараты.

Тапсырыс беруші - "Степногорск тау-кен - химиялық комбинаты" ЖШС,  тел. 8 (71645) 7-91-95, эл. мекен-жайы: info@sghk.kz

Эмиссия нормативтерінің жобаларын әзірлеуші: "КазЭкоИнвест-А" ЖШС,   тел.8 (7172)-77-63-76, эл. мекен-жайы: kazecoinvest-a@mail.ru

Мүдделі жұртшылық қоғамдық тыңдауларға ұсынылған материалдармен, ал кейін қоғамдық тыңдаулардың жарияланған хаттамасымен бірыңғай экологиялық порталда: https://idp.ecoportal.kz/ және жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында:  https://upr.akmo.gov.kz/ таныса алады.

Жоспарланған қызмет, қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы қосымша ақпаратты және мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерінің құжаттамасының көшірмелерін электрондық пошта арқылы сұрауға және алуға болады. Эл. мекен-жайы:  kazecoinvest-a@mail.ru , тел. 8-(7172)-77-63-76 және info@sghk.kz , тел. 8 (71645) 7-91-95.

Жұртшылық қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттарға және қоғамдық тыңдаулардың жарияланған хаттамасына өз ескертулері мен ұсыныстарын жазбаша немесе электронды түрде жібере алады:

- мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу органына - "Ақмола облысы бойынша экология департаменті" РММ, эл. мекен-жайлары: akmola-ecodep@ecogeo.gov.kz,    eco-akmola@bk.ru, тел. 8 (7162) 25-20-73; пошталық мекен-жайы: индекс 020000, Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 139 А;

жергілікті атқарушы органға - "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ, эл. мекен-жайы: expeco@mail.ru , тел. 8 (7162) 25-19-86; пошталық мекен-жайы: индекс 020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89.

08.12.2021 ж. - Қоғамдық тыңдауларды өткізу хаттамасы

Қоғамдық тыңдауларды өткізудің бейне және аудиожазбасы

https://youtu.be/JDnWWY-1BVw 

Дата публикации
28 октября 2021