«Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-17-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-17-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-17-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6255 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

шешімнің тақырыбында «эмиссия» деген сөз «теріс әсер еткені» деген сөздерімен ауыстырылсын;

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын: 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 576-бабындағы                         8-тармағына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;

бүкіл мәтін бойынша:

«эмиссиялар» деген сөздер «теріс әсер еткені үшін» деген сөздерімен ауыстырылсын;

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                                  ТАӘ

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

«Ақмола облысының экономика және

бюджеттік жоспарлау басқармасы»

мемлекеттік мекемесі

 

 

«Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігі Мемлекеттік кірістер

комитетінің Ақмола облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті»

республикалық мемлекеттік мекемесі

 

«Ақмола облысының табиғи

ресурстар және табиғатты

пайдалануды реттеу басқармасы»

мемлекеттік мекемесі

 

 

Дата публикации
22 октября 2021