«Quartz Sand Group» ЖШС (хаттама)

Жиынтық кесте жасалған күні: 19.10.2021 г.           

Жиынтық кесте жасалған орын: Ақмола облысы бойынша ЭД Экологиялық реттеу және бықылау комитеті ҚР ЭГТРМ

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның атауы: Ақмола облысы бойынша ЭД Экологиялық реттеу және бықылау комитеті ҚР ЭГТРМ

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинау туралы хабарланған күн: 17.09.2021 г.

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын беру мерзімі: 17.09-17.10.2021 г.

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинақтау:

 

№

Мүдделімемлекеттік орган

Ескертуменұсыныстар

1

"Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" ММ

15.10.2021 ж. № 1965 хатқа сәйкес ұсыныстар мен ескертулер жоқ.

2

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

04.10.2021 ж. № 1826 хатқа сәйкес ұсыныстар мен ескертулер жоқ.

3

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы

Ұсынылған материалдарға сәйкес, «Южный Астрахан» кен орны учаскесі, Есіл өзенінен шамамен 40 метрарақашықтықта орналасқан.

Ақмола облысы әкімдігінің  2011 жылдың 7 желтоқсанындағы№ А-11/492 қаулысына сәйкес, Есіл өзенінің су қорғау аймағы 1000 метр, ал су қорғау белдеуі 100 метр болып белгіленді. Жоғарыды көрсетілген қаулыға сәйкес, «Южный Астрахан» кен орны учаскесі Есіл өзенінің су қорғау белдеуінде орналасқан.

ҚР Су Кодексінің (ары қарай - Кодекс) 125 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке. Осыған орай, кен орны учаскесінің иесіне су объектісінен 100 метрге шегінуін ұсынамыз.

Кодекстің 126 бабына сәйкес, су объектiлерiндегi немесе су қорғау аймақтарындағы су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн құрылыс, түбiн тереңдету және жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды және басқа да ресурстарды өндiру, кабельдердi, құбырлар мен басқа да коммуникацияларды төсеу, орман ағаштарын кесу, бұрғылау және өзге де жұмыстар бассейндік инспекцияның келісімі бойынша жүргізіледі.

Кен орны учаскесінің Есіл өзенінің су қорғау белдеуінен шығарылған жағдайда, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 18 маусымдағы № 148 «Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқада жұмыстар жүргізу»туралы бұйрығы бойынша, су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметімен байланысты емес жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін, көрсетілетін қызметті алушы «Е-лицензия» порталы арқылы мынадай құжаттарды тапсыру қажет:

1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің, ал пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерделеу жөніндегі операциялар жүзеге асырылған жағдайда – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтердің ашық сервитуттарын беру туралы шешімінің электрондық көшірмесі;

2) жоспарланып отырған қызметтің сипаттамасы бар түсіндірме жазбаның электрондық көшірмесі;

3) пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған жобалық құжаттардың, балық өсіру және мелиорациялық-техникалық іс-шараларды жүргізуге арналған ғылыми ұсынымдардың, орман орналастыру материалдарының электрондық көшірмесі.

Сонымен қатар, ҚР Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы занының 25 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына және де Кодекстің 120 бабының 2 тармағына сәйкес, ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты сулары кен орындарының және учаскелерінің контурларында жер қойнауын пайдалану жөнідегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Quartz Sand Group»ЖШС-і «Южный Астрахан» кен орны учаскесінің аумағында ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты суларының бар-жоғын анықтау үшін құзіретті мемлекеттік органдарға жүгінуі тиіс.

 

4

"Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің Солтүстік Қазақстан геология өңіраралық геология департаменті"Севказнедра" республикалық мемлекеттік мекемесі

Жауапқа сәйкес: "хатта көрсетілген қызмет туралы өтінішті қарау МД құзыретіне кірмейді".

5

Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы

04.10.2021 ж. № 1829 хатқа сәйкес ұсыныстар мен ескертулер жоқ.

6

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Астрахан ауданының Жаңаберлік кенті тасқын қауіпті учаскелерге жатпайтынын, сонымен қатар пайдалы қазбаларды (глинестошебенистых)өндіру кезінде кейіннен елді мекендердің маңында қарғы сулардың өтуі кезінде теріс әсер етпейтін (жергілікті жер бедерін ескере отырып)және жергілікті жер бедерінің өзгеруі себебінен елді мекендерді су басу қаупіне айналмайтын учаскені анықтау қажет екенін хабарлаймыз. 

 

 

7

"Ақмола облысының энергетика және ТКШ басқармасы" ММ

Жауап ұсынылмаған

8

"Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"ММ

1.Көзделіп отырған қызмет туралы өтініште жақын жердегі су объектілері бойынша, жерасты суларының болуы немесе болмауы және сібір жарасы көмінділері туралы деректер жоқ.

2.Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің319-бабына сәйкес өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет.

9

Ақмола облысы бойынша экология департаменті

1.7-тармақта құм өндірудің басталуы 2022 жыл деп көрсетілген. Құм өндірудің аяқталуы-2031 жыл. Алайда, 2-тармақтың 8-тармағында карьерді пайдалану мерзімі 2021-2031 жж.

2.Қолда бар ақпаратқа сәйкес, сумен жабдықтауды жақын орналасқан елді мекендерден су әкелу арқылы жүзеге асыру жобалануда. Сумен жабдықтау көзін нақтылау қажет.

3. Жаңа-бірлік кентінің 1,5 км тұрғын алабының орналасуына байланысты аршу жыныстарының үйінділерінде шаңды басу жөніндегі іс-шараларды көздеу қажет.

4.    Өтініште мемлекеттік орман қоры аумағында жұмыс учаскелерінің орналасуы туралы мәліметтер жоқ.

5.ҚР ЭК 320-бабының 2-тармағына сәйкес бөлек жинауды көздеу, сақтау мерзімі мен орнын көрсету қажет.

Қорытынды

Дата публикации
21 октября 2021