Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеулы тура

Ақмола облысының су объектілерінің

су қорғау аймақтары мен белдеулерін,

оларды шаруашылыққа пайдаланудың

режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы №19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11838 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
  2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары белгіленсін.
  3. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)  осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі                                                                                 Е. Маржықпаев

 

 

КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті»

республикалық мемлекеттік

мекемесі

 

 

Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Су ресурстары комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі

 

 

Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Су ресурстары комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі

 

 

Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Су ресурстары комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі

Дата публикации
20 октября 2021