Об установлении водоохранных зон и полос озер Лавочное, Кайындыколь, Кояндыколь, реки Аршалы, участка реки Козыкош, Подлесненского водохранилища, режима и особых условий их хозяйственного использования

Лавочное, Қайындыкөл, Қояндыкөл

көлдерінің, Аршалы өзенінің, Қозыкөш

өзені учаскесінің, Подлесненское су қоймасының

су қорғау аймақтары мен белдеулерін,

оларды шаруашылыққа пайдаланудың

режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы №19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11838 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Лавочное, Қайындыкөл, Қояндыкөл көлдерінің, Аршалы өзенінің, Қозыкөш өзені учаскесінің, Подлесненское су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
  2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Лавочное, Қайындыкөл, Қояндыкөл көлдерінің, Аршалы өзенінің, Қозыкөш өзені учаскесінің, Подлесненское су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі және ерекше жағдайлары белгіленсін.
  3. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)  осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі                                                                                 Е. Маржықпаев

 

 

КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті»

республикалық мемлекеттік

мекемесі

 

 

Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Су ресурстары комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20__ жылғы ____________

№ ________ әкімдіктің қаулысына      1-қосымша

 

 

Лавочное, Қайындыкөл, Қояндыкөл көлдерінің, Аршалы өзенінің, Қозыкөш өзені учаскесінің, Подлесненское су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулері

 

№

Су объектісінің атауы

Орналасқан жері

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

ені, метр

ені, метр

1

Лавочное көлі

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Успеноюрьев ауылдық округі, Успеноюрьевка ауылының батыс жағынан

300

35

2

Қайындыкөл көлі

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Успеноюрьев ауылдық округі, Қарағай ауылының батыс жағынан

300

35

3

Қояндыкөл көлі

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Успеноюрьев ауылдық округі, Қарағай ауылының батыс жағынан

500

35

4

Аршалы өзені

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Успеноюрьев ауылдық округі, Клинцы ауылынан оңтүстік батысқа қарай 2,73 шақырымда

500

35-40

5

Қозыкөш өзенінің учаскесі

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қараөткел ауылдық округі, Қаражар ауылынан оңтүстікке қарай 3,6 шақырымда

500

50

6

Подлесненское су қоймасы

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Бәйтерек ауылдық округі, Бәйтерек ауылының маңында

300

35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20__ жылғы  __________

№ ___________ әкімдіктің қаулысына 2-қосымша

 

 

Лавочное, Қайындыкөл, Қояндыкөл көлдерінің, Аршалы өзенінің, Қозыкөш өзені учаскесінің, Подлесненское су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі және ерекше жағдайлары

 

  1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

         1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

         2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға.

         Осы тармақшасының бірінші бөлігінің ережелері су қорғау белдеулері шекараларының шегінде 2009 жылғы 1 шілдеге дейін тұрғызылған ғимараттар мен құрылыстардың пайдаланылуына қолданылмайды. Бұл ретте оларды пайдалануға ұйымдастырылған, орталықтандырылған кәріз, ластанған ағынды суларды бұрып жіберудің және тазалаудың өзге жүйесі немесе ішіндегі заттарды әкетуді қамтамасыз ететін су өтпейтін науалар болған кезде ғана жол беріледі;

         3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

         4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

         5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

         6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

         7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.

  1. Су қорғау аймақтарының шегінде:

         1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

         2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

         3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

         4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

         5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

         6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

         7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.

         Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

Дата публикации
28 сентября 2021