Назар аударыңыздар!

Көкшетау қ. Абай к-сі, 89-үй мекен-жайда орналасқан «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма), су объектілерін оқшау пайдалануға беру жөніндегі конкурс туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес:

1) су объектісін пайдаланудың мәлімделген мақсаттарына сәйкес материалдық-техникалық базаның болуы;

        2) қаржыландыру көздері мен көлемдерін көрсетіп, үш және одан көп жылдар бойынша даму жоспары (су қорғау іс-шараларын жүргізуді, су объектісін ұтымды пайдалану, су ресурстарын қорғау, су объектілерін көріктендіру жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда);

         3) төлем қабілетін растайтын құжаттар:

      конкурсқа қатысушыға қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы қол қойылған және мөр басылған банктің немесе банк филиалының анықтамасының түпнұсқасы (егер конкурсқа қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан ерте беріледі;

      соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін;

конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күнінен бір ай бұрын берілген үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені, не салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар екені туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы.

Қажетті құжаттардың тізімін «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ мына мекен-жайда алуға болады: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89 үй, 301а каб. немесе https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upr интернет-ресурста.

Енгізілген өзгерістерге байланысты, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 178 бұйрығымен бекітілген су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру қағидаларының 14 – тармағына сәйкес конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі 7 (жеті) жұмыс күніне ұзартылады, яғни конкурстық құжаттаманы ұсынудың соңғы мерзімі – 2021 жылғы 20 тамыз.

Конкурс 2021 жылғы 23 тамызда сағат 12.00-де мына мекен-жайда өтеді: Көкшетау қаласы Абай көшесі, 89 үй, 201 каб.

Қосымша ақпаратты 8 (7162) 72-19-18 телефон арқылы алуға болады.

Дата публикации
12 июля 2021