Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 6С-7-9 «Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облыстық мәслихатының

2016 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 6С-7-9 «Ақмола облысында

ортақ су пайдаланудың қағидаларын

белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер

енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне сәйкес, Ақмола облыстық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 6С-7-9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5712 болып тіркелген, 2017 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) следующие изменения:

Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларында:

8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «8. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келiсiм бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.»;

9-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

 «Су объектілерін кеме қатынасы санатына жатқызу тәртібін және кеме қатынасы су жолдарының тізбесін бекітуді су көлігі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.»;

11-тармақтың 2) тармақшасындағы «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы облыстың уәкілетті органы» деген сөздер «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органы» деген сөздермен ауыстырылсын.

  1. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихаты сессиясының төрағасы                                                   С. Аяғанов

 

Ақмола облыстық

мәслихатының басшысы                                                                    М. Балпан

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

«Ақмола облысының табиғи

ресурстар және табиғатты

пайдалануды реттеу басқармасы»

мемлекеттік мекемесі                                                                     

 

 

 «КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды

реттеу және қорғау жөніндегі

Есіл бассейндік инспекциясы»

республикалық мемлекеттік

мекемесі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

Санитариялық-эпидемиологиялық комитетінің

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті»

республикалық мемлекеттік

мекемесі

Дата публикации
15 марта 2021